Жұма, 11 қазан, 05:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандағы орташа жалақы басқа елдердегі жалақымен салыстырғанда қандай

19.09.2024

107 0

Фото: Kursiv.kz

Numbeo деректер қоры өмір сүру сапасы мен күнкөріс деңгейі туралы ақпарат жариялады. Онда Қазақстан салықтан кейінгі орташа айлық жалақы рейтингінде 67-орынға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Рейтингке 97 ел енген, олардың ішінде Швейцария, Люксембург және АҚШ ең жоғары табыс бойынша көш бастап тұр.

Швейцария айына 7 219 долларды құрайтын әсерлі орташа жалақымен жетекші орынға ие. Одан кейін Люксембург тұр, онда азаматтары алты мың долларға жуық табыс табады. АҚШ 4 529 доллармен үшінші орынды иеленді.
Азия құрлығында Сингапур 4 503 доллармен жалақы бойынша бірінші орында.

Орталық Азия елдерінің ішінде рейтингке Қазақстан мен Өзбекстан кірді. Қазақстан орташа айлық жалақысы 582 долларды (шамамен 279 мың теңге) құрайтын 67-орында. Өзбекстан төменірек – 438 доллар жалақымен 78-ші орында. 

Ең төменгі жалақы Кубада – небәрі 37,6 доллар. Оның рейтингтегі ең жақын «көршілері» Египет (146,2 доллар) пен Нигерияға (147,4 доллар) тиесілі.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 2029 жылы 573 мың тенгеден асатының жазған едіқ. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық жалақы 382,2 мың теңге болды. Ол Қазақстандағы барлық жұмысшының жалақысының орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: