Дүйсенбі, 06 мамыр, 06:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Ресей қашан ядролық қару қолданады деп күте алмаймыз»: Зеленский НАТО-ны Ресейге алдын ала соққы жасауға шақырды

07.10.2022

646 0

Украина президенті Владимир Зеленский НАТО-ны Путиннің ядролық қаруды қолдануын күтпей, Ресейге алдын ала соққы жасауға шақырды. Ол Австралиядағы Лоуи институтында бейне байланыс арқылы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президент НАТО Ресейге ядролық қаруды қолдануға мүмкіндік бермеуі тиіс. Оның пікірінше, НАТО  қысымді қолдану тәртібін қайта қарауы керек.

“Алдын алу соққысы жасалған кезде олар сабаларына түсіп, әрі қарай не болатынын түсінеді. Ресейдің ядролық соққыларын күтіп, содан кейін «Ендеше міне саған!» деп жауап бергеннен гөрі алдын алу керек” – деді Украина басшысы.

Бұл ретте Украина президенті ядролық соққыны немесе кәдімгі қару-жарақты қолдану туралы айтып отырғанын нақтылаған жоқ. 

Украина президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров бұл мәлімдемеге түсініктеме беріп, ол  ядролық қаруды қолдануға шақырмайтынын түсіндірді.

«Президент 24 ақпанға дейінгі кезең туралы айтты. Сол кезде Ресейдің соғысты бастауына жол бермес үшін алдын-алу шараларын жасау керек еді.Ол кезде жалғыз шара санкциялары болды әрі ол нәтижесін бермеді», – деп жазды Никифоров Facebook-те.

Никифоровтың айтуынша, Запорожье атом электр станциясындағы жарылыстармен әлемді бопсалайтын және  ядролық қаруды қолдану мүмкіндігін меңзейтін – тек Ресей.

“Украина ондай дәрежеге түспейді” – деді баспасөз хатшысы.

Владимир Зеленскийдің мәлімдемесі Ресейде резонанс тудырды.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Зеленскийдің сөзіне бүкіл әлем, әсіресе АҚШ, Ұлыбритания және ЕО елдері назар аударуы керек деп мәлімдеді. Зеленскийдің мәлімдемесін ол  «болжанбайтын сұмдық салдары бар дүниежүзілік соғысты бастауға шақыру» деп атап өтті.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова «Батыс ядролық соғысты өршітеді» деп атап және Зеленскийді «әлемді құртуы мүмкін құбыжық» деп мәлімдеді.

Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев те мәлімдемеге қатысты пікір білдіріп, Украина президентіне тіл тигізді.

«Бұл ақымақ өз халқына және басқаларға үлкен қиындықтар туғызбай тұрып, психиатрларға көрініп, бас сүйегінің профилактикалық трепанациясын жасауы керек», – деп жазды ол.

Владимир Путин ядролық қаруды қолдану қаупімен бірнеше рет сөз сөйледі. Ол 21 қыркүйекте Ресейде жұмылдыру туралы жариялай отырып, ол Ресей елдің аумақтық тұтастығына қауіп төнген кезде, халқын қорғау үшін қолда бар барлық мүмкіндікті пайдалануға дайын екенін мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: