Жұма, 29 наурыз, 03:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Сапалы білім – саналы ұрпақ азығы

01.09.2021

989 0

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын бүгін жариялады. Әрбір Жолдаудан ерекше бір жаңалық күтетін жандар бұл Жолдаудан өзіне қажетті жағымды жаңалықты ести алды деп ойлаймыз.

Алдағы жаңа саяси кезеңге арналған бұл Жолдау нақты, батыл қадамдардан тұрды. Оның бәрін қамтымай мен білім саласына қатысты айтсам, бүгінде білімді жастарға, ұстаздарға жасалынып жатқан қамқорлық өз жалғасын табатын болады. 2025 жылға дейін 2 мың жаңа мектеп салу тапсырылды. Бұл оқу орындарына педагог мамандарын даярлауға 1,2 трл тенге қаралмақ. Жетекші ғалымдар өз еңбегіне сай тұрақты жалақымен қамтылады. Ғылыми гранттық қаржыландыру мерзімі 5 жылға ұзартылады. Педагог мамандар білімін жетілдіру курстарынан 3 жыл сайын мемлекет есебіне қайта даярлаудан өтіп тұрады. Оқушылар халықаралық олимпиадада жеңімпазы атанса, оларға, ұстаздарына бірмезгілдік қаржылай сыйақы бөлінеді. Жеңімпаз оқушыларға ЖОО-нан қосымша грант бөлінеді. Жалақысын көтерумен бірге ұстаздарға жасалып жатқан қамқорлық өз жалғасын табады. Болашақ білімді жастар қолында десек, оларды тәрбиелейтін ұстаздар. Сондықтан ұстаз мәртебесін арттыруда Мемлекет Басшысының бастамасы өте өзекті. Бұл бастама өз нәтижесін беруде. Бүгінде педагог мамандығына сұраныс көп. Жоғары оқу орнына түсудің ҰБТ бойынша межелік көрсеткіші 75 баллға жетті.

Елімізде білім қолжетімді, инклюзитивті болу керек. Әрбір баланың қажетті білім мен тәрбие алуына барлық жағдай жасалады. Бұл Жолдаудан елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жақсы бастамалар басталады. Оның орындалуы қатаң сұралады. Ең бастысы халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, әл-ауқатын көтеру. Тәуелсіздік біз үшін басты құндылық. Ең бастысы әрбір азаматтың тәуелсіздіктің игілігін сезіне білуінде. Мемлекет Басшысының бүгінгі Жолдауда алған бағытын толықтай қолдаймын. Игі бастамалар өз жалғасын тапсын. Ел аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ибадулла Құттықожаев,

қалалық мәслихат хатшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: