Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесі өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Жиында халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!