Жексенбі, 24 қараша, 02:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Жедел штаб элеваторлардың астықты жаппай қабылдауға дайындығын қарастырды

17.09.2024

229 0

Фото: ҚР Үкіметі

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен күзгі дала жұмыстары жөніндегі Жедел штабтың кезекті отырысында фермерлердің егін жинауды үздіксіз жүргізуіне кедергі келтіретін мәселелері қалай шешілетіні талқыланды,-деп хабарлайды  KAZINFORM.

Отырыс барысында астық кептіру агрегаттарын қолжетімді бағадағы сұйытылған газдың қажетті көлемімен қамтамасыз ету мәселесі оң шешілді. Сұйық отынмен кептіру агрегаттары бар алты өңірдің әкімдіктері қажеттілік көлемін бұрынғы 21,5 мың тоннадан 19,3 мың тоннаға дейін төмендетті. Қазірдің өзінде Энергетика министрлігі төмендетілген құны бойынша 5,5 мың тонна бөлген болса, қалған 14 мың тонна көлемі өндірушіден коммерциялық баға бойынша сатып алынатын болады. Фермерлер үшін отын бағасын арзандату мемлекет есебінен жүргізіледі. Қазіргі уақытта барлық алты аймаққа кептіргіштерге сұйытылған газ жеткізілуде. Күзгі-дала жұмыстарына дизель отынын жөнелту кесте бойынша жүргізілуде. 16 қыркүйектегі дерек бойынша, 209,6 мың тоннадан астам жөнелдітлді, бұл жоспардың – 59%-ы.

Жаңа өнімді қабылдау үшін элеваторлардан өткен жылғы астық дақылдарын жөнелту қажет – жаппай егін жинау басталғанға дейін Азық-түлік корпорациясының алдына осы міндетті орындау қойылды. «Азық–түлік корпорациясы» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында 1,5 млн тонна астық шығару жоспарланғанын, оның 736 мың тоннасы тамыз айында жөнелтілгенін хабарлады. Азық-түлік корпорациясының меншігіндегі қорлары 300 мың тоннадан асады, жеке астық иелерінің көлемі – 734 мың тоннадан асады.

ҚТЖ 20 қыркүйектен бастап астықты жаппай жөнелтуді күтіп отыр, бұл мақсатқа елімізде 12 мыңға жуық астық тасымалдаушы дайын. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров атап өткендей, вагондардың жалпы санынан 6 мыңға жуығы Қара және Балтық теңіздерінің порттары бағытында астықты экспортқа тасымалдауды қамтамасыз етуге дайын.

Осы жылдың сегіз айында Орталық Азия елдеріне астық экспорты артуының белсенді серпіні байқалады – 2,5 млн тонна (1,8 млн тонна – Өзбекстанға, 600 мың тонна – Тәжікстанға, 100 мың тонна – Түрікменстан мен Қырғызстанға). 

«Қыркүйек айында 12 күнін ішінде Орталық Азия елдеріне 132 мың тонна жөнелтілді, бұл 2023 жылғы қыркүйектегі көрсеткіштен 2,5 есе көп. Айдың соңына дейін астықты жөнелту көлемі шамамен 250 мың тоннаны құрайды», – деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров. 

Қытайға астық экспорты 2024 жылдың 8 айында 1,1 млн тоннаны құрады. Бұрынғысынша негізгі көлем контейнерлермен тасылады – 666,4 мың тонна. Бірақ биыл астықты қаптарға салып, жабық вагондармен тасымалдау көлемі екі есе өсті – 229 мың тонна. Астық таситын көліктерде тасымалдау көлемі өткен жылдың деңгейінде қалды – 247,5 мың тонна (өткен жылға 96%).

2024 жылдың 8 айында Қытайға ұнтақталған астық өнімдерін жеткізу 70%-ға өсті – 494,1 мың тонна (2023 жылы 290,3 мың тонна). Ұнтақталған өнімдерді тасымалдау негізінен контейнерлер арқылы жүзеге асырылады.

16 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 7,4 мың га алқап (44%) жиналды, орташа өнімділік гектарына 14,6 центнерді құрайды, 10,8 млн тонна астық бастырылды. Элеваторларға 1,5 млн тонна астық түсті.

Отырыс қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин әкімдіктер мен жетекшілік ететін мемлекеттік органдарға астық қабылдау кезінде тарифтердің көтерілуіне және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің мүдделеріне нұқсан келтіруге жол бермеуді тапсырды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: