Бейсенбі, 02 мамыр, 17:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

2023 жылы кімдер қаржылық қиыншылық көреді?

13.12.2022

749 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Астрологтар 2023 жылы кімдер қаржылық қиындыққа тап болатынын болжады, деп хабарлайды Life.ru сайты.

Мамандардың айтуынша, төрт жұлдызнама белгісін қаржылық қиындықтар күтіп тұр. Олар туралы ақпарат та толық жазылған.

Астрологтар таразыларға 2023 жылы ақшаға мұқият болуды айтады. Ақшаны барынша үнемдеп жұмсауға кеңес те береді. Жаңа жылдың алғашқы айларында тәуекелге барып, ірі көлемде сауда жасаудың қажеті жоқ.

Қоян жылында мергендер ақшаның азаюынан қатты қиналады.Әсіресе, керексіз заттарды сатып алудан аулақ болу қажет. Маңдай термен тапқан ақшаңыз, бір уақытта желге ұшып, дымсыз қалуыңыз мүмкін. Сондықтан нақты өзіңізге не керек екенін анықтап алыңыз дейді астрологтар.

Сондай-ақ, мамандар арыстан белгісіндегі жандарға қызметтік, мансаптық жолды реттеуді ұсынады. Қазіргі жұмыс орнындағы жалақы ештеңеге жетпей, кредит пен ипотека төлеусіз қалуы мүмкін. Жақындарыңыздан қарыз алуға асықпаңыз, дер кезінде қайтара алмауыңыз мүмкін. Астрологтар бұл белгідегі адамдарға қызмет ауыстыруға кеңес береді.

Қоян жылы егіздер үшін де қаржылық қиыншылықтар алып келмек. Әсіресе, жыл басында ірі-ірі шығындар шығарын ескертеді. Бұл белгідегі адамдарға өз күші мен сәттілікке сену керек. Десе де, бұл мәселені толық шешпеуі мүмкін. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: