Бейсенбі, 28 наурыз, 18:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

30-40 жас аралығындағылар неге үнемі шаршап жүреді? Психолог кеңесі

19.12.2022

814 0

Бүгінде 30 бен 40 жас аралығындағылардың көпшілігі созылмалы стресс пен жұмысқа шамадан тыс берілу синдромын жиі бастан кешіреді. Біз бұл неліктен миллениалдарға тән екенін және онымен қалай күресуге болатынын түсіндіреміз. 

Y буынының белсенді бөлігі (үлкен қалалардың тұрғындары, өздерінің мансаптарымен айналысатындар) жетістікке жету жолын тым жоғары қояды. Олар KPI мен жұмыстағы жеке тиімділікке ұмтылады, «өте маңызды жаңа жоба» жасау үшін жұмыстан соң үйіне бармастан, жұмыс берушісі жасап қойған «қолайлы жағдайда», яғни кеңседегі ұйықтауға болатын бөлмеде қонуға да дайын.

Қазіргі әлем бізге өз шарттарын белгілейді, біз оны қабылдауға тиіспіз. Жұмыс сәттерінен басқа, бұл буынның өзге де проблемалары бар: спорт немесе жүгіру сәніне ілесу, ағымдағы күн тәртібі мен мәдени үрдістерден хабардар болу маңыздылығы, өнерді түсіну қабілеті.

Бұл психологиялық ауыртпалыққа кез келген адам төтеп бере алмайды. Нәтижесінде мегаполистің табысты тұрғындары тропикалық аралдарға кетіп, өмірін күрт өзгеретіні туралы жиі айтады. Бұл олардың күйзелісте жүруіне себеп болады. Осы мақалады бұған қалай жол бермеу керегін айтамыз.

Психолог маман Абдрахманова Ботагөз мынадай кеңес береді: Созылмалы стрестен айығу үшін ең алдымен дәрігерге қаралу, керекті анализдерді тапсыру, кейде ағзада гемоглобин төмен түскенде немесе гормондар дұрыс жұмыс жасамағанда стрестік жағдайдан шығу қиынға соғады.

Содан соң, стреске түсіріп жүрген жағдайдан фокусты басқа жаққа ауыстыру, басқа іспен айналысу, хоббимен. «Созылмалы стрестік жағдайдамын» – деп қатты уайымға салынудың қажеті жоқ.

Стреске түскенде өз мүмкіндіктерін адам көрмей кетеді, сондықтан өзінің жеткен жетістіктері мен өзінде бар дүниелеріне ризашылық білдіріп, шүкіршілік айту! Егер бұл жағдайлар көмек бермесе, арнайы маманға психолог немесе психотерапевтке жүгіну қажет.

Өз күшіңізді сауатты бағалай біліңіз

Бұл өзі айдан анық болса да, бәрінің бірдей есінде болмайды. Жер-көктегінің бәрін үлгеру мүмкін емес. Маңызды жобада жұмыс істегенде, басқа салаларға қатысты амбицияларыңызды бәсеңдете тұрыңыз. Мысалы, салмақ жоғалту марафондарын немесе ауыр жаттығуларды кейінге қалдыра тұрыңыз. Әдетте, миллениалдар тұрақты спорттың көмегімен өзін суперадамдарға айналдыруға тырысады, өйткені соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдары оларға жаттығудың мансаптық өсумен байланысы туралы айтып жүр.

Соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда жүгіру мәдениеті кеңінен тарады, бұл әрине, жалпы алғанда, өте жақсы жағдай. Бірақ сіз тек «трендте болу» жолында, барлық марафондарда жүгіруге тырысып бағасыз. Уақыт талабы сол. Бірақ мұны стреске түсердей азаптанбай тыныштықпен де жасауға болады, мысалы, үйдің жанындағы ең жақын саябақта жаттығулар жасау арқылы.

Ақпараттық сүзгі орнатыңыз

«Ақпарат бізге жан-жақтан шабуыл жасайды, ал миллениалдардың перфекционистік қасиеті  олардың бәрін білуге ​​ итермелейді. Өкінішке орай, бұл мүмкін емес және ақпаратты шамадан тыс тұтыну стреске әкелуі мүмкін.

Бәрін білу деген – миф. Шындыққа жанаспайды. Қазір интернетте бар мәлімет бүкіл адамзат тарихында болмаған көлемге жетті. Ал бес жылдан кейін ол он есе өседі.

Ақпараттық ресурстарыңызды шектеңіз, бір әлеуметтік желі мен бір мессенджер қалдырыңыз, мысалы, корпоративтік байланыс арнасы және кәсіби жаңалықтарға жазылу.

«Ақпараттық гигиена жеке гигиенасынадай маңызды. Нені тұтынатыныңызды қадағалаңыз. Азық-түлікті таңдаған кезде, адамдар өнімдерге саналы түрде таңдау жасайды. Ақпаратпен де солай – сіздің ой-санаңызды анықтайтын және жағымды көңіл күй тудыратын нәрсені мұқият таңдаңыз».

Қызық ақпар

Blue Cross Blue Shield Association (BCBS) тәуелсіз сақтандырушылар Федерациясы зерттеу жұмысын жүргізіп «Миллениалдар – денсаулығы ең осал толқын» деген қорытындыға келген. Миллениалдар қатарына 1981-1996 жылдар аралығында дүниеге келген адамдар кіреді. 

32 беттен тұратын зерттеу қорытындысында «1981 мен 1996 жылдар аралығында туғандар X толқын өкілдеріне қарағанда денсаулығын тым ерте құртады және олардың арасындағы өлім көрсеткіші 40%-ға жоғары» деп жазылған екен. 

Олар жиі шалдығатын аурулар қатарында гипертония, холестериннің шамадан тыс көп болуы, сондай-ақ күйзеліс, мазасыздық пен өзгелердің назары жетіспеушілігі синдромы секілді бұрын-соңды болмаған түрлі психикалық аурулар бар. 

Y буынына жататындар арасында өз-өзіне қол жұмсаушылар мен нашақорлар да көп екен. Зерттеу нәтижесі бойынша, 30-39 жас аралығындағылар қатерлі ісіктен гөрі есірткі қолдану мен өзге де зиянды әдеттер салдарынан жиі өлім құшып жатады. 

BCBS хабарлауынша, бұл жағдай денсаулық сақтау саласына кететін шығын мөлшерін күрт арттырып отыр. Мысалы, миллениалдар емделу үшін «Х толқыны» дәл осы жаста болған кезге қарағанда 33%-ға көбірек ақша жұмсаған (шамамен әр адам жылына $4500 жұмсайды). 

«Аурушаң буын өкілдері адамзат дамуына ең аз ықпал еткен толқын болады» делінген екен Федерацияның зерттеу жұмысында. Сондай-ақ, 1981-1996 жылы дүниеге келгендердің басқаларға қарағанда көп пайызы жұмыссыз әрі қайыршының күнін кешіп жүр.

Жауапкершілік дәрежесін төмендету

Бала психологиясы туралы ақпарат, білім беру тәсілдерінің жаһандық өзгеруі Y ұрпағын өте маңызды миссияға – мінсіз ата-ана болуға итермелейді. Олар өз ұрпақтары үшін жоғары жауапкершілік сезімін бастан кешіреді, олар үшін алдыңғы бірнеше ұрпақ жасағанға қарағанда әлдеқайда көп күш пен ақша жұмсайды.

Статистика көрсеткендей, бүгінгі ана 50 жыл бұрынғы үй шаруасындағы әйелге қарағанда баласымен ойнау мен жұмысқа үш есе көп уақыт пен күш  жұмсайды – және оны жеткіліксіз деп санайды.

Олар жұмыста және ата-аналық рөлде өнімді болу жолында барын салады. Y ұрпағы қоршаған орта үшін барынша белсенді күресуде, өйткені олардың дүниеге келуімен жаһандық ластану дәуірі басталды. Сонымен қатар, мегаполистің 30 жастағы тұрғыны заманға ілеспесе, өзін жайсыз сезінеді: ол «бәрі оқып қойған» жаңа кітапты оқымады, сән іс-шарасына бармады, еуропалық мұражай араламады және т.б. Шындығында,  мұндай болу – адамның өзіне жаман. Кемелділікке ұмтылуды абсурдтық деңгейге жеткізбей, маңызды деп санайтын нәрсеге кішкене қадам жасаңыз. 

Созылмалы күйзеліс тудыратын негізгі мәселелер қандай?

Сананы күңгірттендіреді
Көптеген зерттеулер мен күйзеліске жиі шалдығатын адамдардың бақылауларына сүйенетін болсақ, созылмалы күйзеліс сергек адамның өзін есеңгірететіні күмән туғызбайды. Әдетте бұл психологиялық дерт адам назарының бір нысанға шоғырлануын, есте сақтау қабілеті мен логикасын, ақылға қонымды шешімдерді қабылдау қабілетін бәсеңдетеді. Ұзақ уақытқа созылған стрестің барысында адамның бәрі сыни ойлау мен саралау қасиетінен айырылады.

Жүрек ауруларының пайда болу қаупін арттырады
Стресс жүрек жиілігі мен соғу күшін арттырады, артерияларды тарылтып, жүрек ырғақтарына әсер етеді. Қан қысымының жоғарылауы үнемі мазалап, адам өзінің қалыптасқан өмір сүру дағдысынан ауытқи бастайды.

Иммундық жүйені әлсіздендіреді
Адам ағзасы әлсіздігінен инфекциялар ықпалына жиі түсіп, суық тию немесе тұмаумен ауыру жиілігі мен ұзақтығы артады.
Карнеги институтының зерттеуі бойынша, стресс ағзаны токсиндер, вирустар мен у секілді зиянды заттардан қорғайтын гематоэнцефалит кедергісіне кері әсер етеді.

Ерте қартаюға алып келеді
Стресс адамның физиологиясына, соның ішінде, қанға тікелей әсер етеді. Қан ағымының теріге жетуі қиындайтындықтан, ол сарғайып қартая бастайды. Өзге аурулармен қоса, Альцгеймер ауруына да шалдығу қатерін туғызады.

Артық салмақ қосу мен ас қорыту жүйесінің бұзылуына алып келеді
Кортизол аталатын стресс гормоны ағзада майдың жиналуына ықпал етеді және майларды, тұз және қантты тұтынуға деген ықыласты жоғарылататынын атап өтеміз.

Көңіл-күйді бұзып, адамдармен қарым-қатынасты нашарлатады
Күйзеліске түсуге бейім адам психологтар мен психиатрлардан басқа ешкімге қызық емес. Ондай адамдар айналасындағылардың назарына ілікпейтіндіктен жалғыз қалады. Бұл ұзақ әрі терең депрессияға алып келеді.

Ескі ауруларды қоздырады
Созылмалы стресс пен бас ауыруы, бұлшықет ауырсынуы арасындағы айқын байланыс бар. Мұның бәрі артритке әкелуі мүмкін.

Теріге, шашқа және тістерге әсер етеді
Стресске байланысты гормоналды ауытқушылықтар мен қанның теріге қажет мөлшерде жеткізілмеуі адамның сырт келбетінің көріксізденуіне алып келеді. Экзема да стресске байланысты орын алады. Шаштың түсуі мен қызылиектің босаңсуы созылмалы уайымнан туындауы әбден мүмкін.

Жаман әдеттерге жол ашады
Әдетте күйзеліске бейім адам уайымын жеңілдету үшін түрлі жаман әдеттерге үйір болып кетеді. Бұл оны жан дертінен арылтпай, керісінше, оның одан әрі асқынуына әкеліп соғады.
Энергияны жұмсау мен қалпына келтіру арасында баланс ұстау

Тұрақты, созылмалы күйзеліс режимінде өмір сүру өте зиянды. Ганс Сельенің (стресске қатысты зерттеулерінің негізін қалаушы) теориясына сәйкес, стресске ұшыраған адам ағзасында көптеген физиологиялық процестер жүреді, олар ауруларға, соның ішінде иммундық және эндокриндік ауруларға әкелуі мүмкін. Түпкі себеп – сіздің денеңіздің генерациялай алатын уақытынан гөрі көбірек энергия (физикалық, ақыл-ой және эмоционалдық) жұмсауыңыз, ұйқы мен демалыс кезінде қалпына келтіру үдерісінің дұрыс жүрмеуі.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: