Жұма, 29 наурыз, 03:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Келер жылдан не күтеміз?

02.01.2023

952 0

Міне, есік қағып қоян жылы да табалдырық аттады. Әр жылдан жақсылық күтетін жұртшылық Қоян жылынан да игілік күтеді. Жалпы қоян жылы туралы Қытай күнтізбесінде кеңінен сипатталады. Сондай-ақ өзге жыл жануарларымен бірге ол да киелі саналады.

Жыл тізбегінде қоян жылы 1915, 1927, 1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011 және 2023 жылға сәйкес келеді. Өткенге шолу жасасақ, дала жануарына тұспа-тұс келген жылдар тарихымызда ауыр болғандығы айтылады. Мәселен, «Ұлы қоян жұты», «Кіші қоян жұты», «Тақыр қоян жұты» қоян жылында орын алған ел басындағы жағдайға байланысты аталып кеткен. Тағы бір айтарлығы, екінші дүниежүзілік соғыс та қоян жылы басталған.

Соңғы рет қоян жылы 2011 жылға сәйкес келді. Бұл жылы да елімізде жағымды, жағымсыз оқиғалар орын алған болатын. Алайда тек елеулі оқиғаларды еске алғанды жөн көрдік. Сол жылы ел тәуелсіздігіне 20 жыл толды. Тарихтың тар жол, тайғағын кешіп, бодандықты көрген қазақ жұрты үшін егемендіктің 20 жылы үлкен жеңіс еді. Сол жылы Алматы қаласында Қысқы Азиада ойындары өтті. Онда ел спортшылары бақтарын сынап, жеңіс тұғырынан көрінді. Дәл осы жылы тұңғыш рет қазақ күресінен «Қазақстан барысы» ұйымдастырылып, бұл атақты жерлесіміз Ұлан Рысқұл жеңіп алды. Ал жылдың жаңалығы ретінде сонау 1988 жылы басталған метро құрылысы іске қосылды.
Барыс жылында болған басты оқиға ел есінде ұзақ сақталатыны анық. Саяси өзгерістер бастау алған жыл бол¬ды. Бастысы ескіліктен ары¬лып, жаңа қоғамға, Жаңа Қазақстанға бет алдық. Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Қоян жылы барыста бастау алған игілікті істердің жүзеге асып, жаңашыл бағытта дами түсетін ізгілікті жыл болғай.
Астролог ғалымдардың зерттеуіне сүйен¬сек, қоян жылына тұспа-тұс келетін жылдар – әлемде тәртіптің орнауы мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына мүмкіндік беретін келісім мен мәміле кезеңі екен. Сондай-ақ ғалымдар келер жылды тұрақтылық жылы деп атауда. Уайым-қайғы артта қалып, туыстық қарым-қатынас нығая түспек. Қоян достыққа адал, кикілжіңнен ада жануар болғандықтан махаббат пен сый¬ластық артады дейді мамандар.
Сонымен қатар жаңа жыл отбасын құрғысы келетін және қызметте өсуді қалайтын жандар үшін қолайлы жыл болмақ. Алдына мақсат қойып, оған жету жолында аянбайтындар үшін сәттілік серік болады. Осы орайда астрологтар көпшілікке жаңа жылды отбасы, ошақ қасында ағайын, туыс, бауырлармен бірге қарсы алуды ұсынады.
А.СЕЙІЛ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: