Қадым замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді. Атақты ойыншылардың көпшілігі алаңда осы номерде ойнайды. Сондықтан өмірде бұл санға байланысты көптеген қызық дерек бар. 7 күн, 7 ғажайып, 7 қазына, 7 ұрпақ, 7 климат, 7 түс, 7 планета, 7 теңіз, және т.б. Назарларыңызға әйгілі жетіліктерді ұсынамыз.
Әлемнің ежелгі жеті кереметі:
- Египет пирамидалары;
- Вавилонның ілулі бағы;
- Артемида храмы;
- Галикарнас кесенесі;
- Зевс мүсіні;
- Рододағы мүсін;
- Александрия шамшырағы.
Орта ғасырдың жеті кереметі:
- Рим Колизейі:
- Александрия жер асты жолы;
- Ұлы Қытай қорғаны;
- Әулие София шіркеуі;
- Стоунхендж;
- Пиза мұнарасы;
- Нанкин будда ғибадатханасы.
Әлемнің жеті табиғи кереметі:
- Эверест тауы;
- Үлкен тосқауыл рифі;
- Гранд Канъон;
- Виктория сарқырамасы;
- Рио -де -Жанейро бұғазы;
- Парикутин жанартауы;
- Солтүстік көлдер.
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған:
- Ер жігіт.
- Сұлу әйел.
- Ілім – білім.
- Жүйрік ат.
- Құмай тазы.
- Қыран бүркіт.
- Берен мылтық.
Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған:
- Адамның ақыл – ойы, санасы.
- Денсаулық.
- Ақ жаулық (ердің жары).
- Бала (өмір жалғасы).
- Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды).
- Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл»).
- Ит.
Жігіттің жеті қазынасы:
- Жүрдек аты – жігіт қаны, қанаты
- Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.
- Құмай тазы – бастан берік сенімі,
- Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі
- Алмас кездік – жігіт сұсы, һәм мысы
- Ау жылымы – амал, айла, әдісі
- Қара қақпан серті себі тірліктің
Жеті қазына ұғымы басқа халықтарда да кездеседі. Мысалы, грек аңыз-әңгімелерінде Жеті қазына басқаша кездеседі:
- көк аспан. Ол әлем сырын өз шеңберінде сыйғызып, солардың өзіндік қалпын сақтайды;
- Күн. Ол әлемдегі тіршілікті басқарады. Барлық зат — Күннің шуағынан нәр алады;
- Ай. Түнгі тіршілік нәрі. Ай табиғатты түн тұңғиығында тербеп, нұрландырады;
- от. От — Күннің жердегі сүлдесі. Отты пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады;
- су. Сусыз тіршілік жоқ. Су — жерге қуат, өсімдік әлеміне, жан-жануарға нәр, көрік береді;
- Жер. Жер — тіршілік анасы. Жан-жануарлар мен өсімдік әлеміне көрік, келбет, түр-тұрпат береді;
- ит. Ит — Адам мен Хауа Ананың пейіштен қуылып, жерге түскендегі алғашқы серігі, досы әрі қорғаушысы.
Апта күндері:
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі,
Бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Заттардың жеті түрі:
- қатты,
- сұйық,
- газ тәрізді,
- плазма,
- нейтрон,
- эпиплазма,
- физикалық вакуум күйі.
Жеті музыкалық ноталар: do, re, mi, fa, sol, lya, si.
Жеті ұрпақ: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
Жеті климат: экваторлық, субэкваторлық, тропикалық, субтропикалық, қоңыржай, субарктикалық, арктикалық.
Жеті түс: ақ, сары, қызыл, қара, көк, жасыл, қызғылт сары.
Жеті планета: Ежелгі адамдар жеті қасиетті планета адамның өміріне, тағдырына және өзара байланысына байланысты екенін түсінді. Олар:
Күн – күш пен құлшыныстың символы;
Ай – сүйкімділіктің белгісі;
Марс – соғыс символы:
Меркурий – даналықтың белгісі;
Юпитер – бақыт белгісі;
Венера – махаббат белгісі;
Сатурн – егіншіліктің белгісі.
Жеті жұт: 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ: 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.
Жеті ғашық: 1.Ләйлі – Мәжнүн, 2.Жүсіп – Зылиха, 3.Фархад – Шырын, 4.Тахир – Зухра, 5.Арзу – Қамбар, 6.Уәлик – Ғарра, 7.Уәки – Күлшаһ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!