Сенбі, 18 мамыр, 15:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Архив құнды мұрамен толықпақ

11.09.2023

184 0

Облыс әкімінің қолдауымен Қызылорда облысы­ның құрылғанына 85 жыл толуына орай тарихи деректердің көшірмесін алу мақсатында Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві басшысының орынбасары Ж.Алтынбаева мен бөлім басшысы М.Кәрібаева Ресей Федерациясы Орынбор біріккен мемлекеттік архивінде өңір тарихына қатысты құжаттарды зерделеу жұмысын жүргізуде.

Сыр өңірі тарихына қатысты зерттелмеген тың құжаттар Ресей Федерациясының Орынбор, Мәскеу, Санкт-Петербург мемлекеттік архивтерінде, Татарстан, Өзбекстан республикаларының орталық мемлекеттік архивтерінде сақталған.

Туған жерден түлеп ұшқан алаш зиялылары мен ірі тұлғалардың өмірі мен даңғыл жолын зерттеп, құжатты шетел архивінен жинау – өңір тарихы үшін маңызды.

Алдағы уақытта облыстың архив қоры бай құжаттық мұрамен толығады деген сенімдеміз.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: