Сейсенбі, 07 мамыр, 03:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Ауылдағы  мәселелер шешімін таппақ

22.08.2023

531 0

Өткен аптада қалалық мәслихаттың кезектен тыс VII сессиясы өтті.  Жиынға қалалық  мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті. Сессияға қала әкімінің орынбасары Ғ.Еркебай қалалық дербес бөлім мен мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде «2023-2025 жылдарға арналған кент және ауылдық округ  бюджеттері Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы шешімдеріне өзгерістер енгізу  туралы» мәселе қаралып, талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселеге орай, қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова хабарлама жасады.

Бөлім басшысының айтуынша, кент және ауылдық округ бюджеттеріне республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерден барлығы 410 054,9 мың теңге ағымдағы нысаналы даму трансферті бөлінген. Кент және ауылдық округ бюджетінің кіріс көзін арттыру есебінен 41 927,8 мың теңге пайдаланылмаған және үнемделген қаржы есебінен 33291,5 мың теңге, Белкөл кенті әкімі бюджетінің 801201 «Есепті кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары» кодына қалдырылған 3604, 7 мың теңге бос қалдық сомасы барлығы 78 824 мың теңге қаржы кент және ауылдық округ қажетіне жұмсалған.  Тасбөгет кенті әкімі аппаратының ғимаратын ағымдағы жөндеуге, Қызылжарма ауылдық округіндегі дене шынықтыру сауықтыру кешенінің жер учаскесін әзірлеуге, Ақсуат ауылдық округіндегі жас маман үйін орташа жөндеуге, ауылішілік ескі канал құжатын заңдастыруға, Талсуат ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің «А» санатына өтуіне Қызылөзек ауылдық окру­гіндегі демалыс аллеясының жер учаскесін заң­дастыруға және өзге де ең өзекті мәселелердің шешілуіне жұмсалған.

Бюджет жобасына енген Ақсуат ауылдық округіне қарасты Ж.Махамбетов ауылындағы Х.Манабаев, Орманбаев, Қ.Иманбердиев, М.Тоқ­тамысов, О.Жакенов көшелеріне асфальт төсеуге, А.Найзақараев, П.Тілепбаев, Б.Жүсіпбеков, Канал-2 көшесін қайта жаңғыртуға, көшеге аял­дама салып, жарық бағанын орнату үшін жоба сметалық құжатын әзірлеуге қаржы бөлінген. Сонымен қатар Тасбөгет кентіндегі Әбенов, Әбдібаев, Ертуғанов көшелеріне жарық бағанын орнатуға, абаттандыруға, Белкөл кентіндегі Сарыарқа, Зеленая, Әбуов, Есмаханов көшелерін түнгі жарықтандыруға, Бірлік, Айкөпешова, Әбдіқадыров, №3 көшелерге жаяу жүргінші жолын салуға, кентке кіре беріс қақпаны жарық шаммен безендіруге, орталық көшеге күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамасы мен сараптама қорытындысын әзірлеуге қаржы қаралған.

– Бұған қоса, Қызылжарма ауылдық окру­гіндегі Сексенбаев, Батырбаев, Досқожин көше­лерінің күрделі жөндеу жұмысына, балалар ойын алаңын  салуға, Қосшыңырау ауылдық округінің Досан ауылына жаттығу алаңын салуға, Қызылөзек ауылдық округіндегі Д.Сариев және Ж.Жабаев көшелерін күрделі жөндеу жоба сметалық құжат­тамасына, Ақжарма ауылдық округіндегі Баймұрат батыр ауылына жол белгілерін орнатуға қаржы бөлінді, – деді бөлім басшысы.  Жиында баяндамашыға депутаттар тарапынан бірнеше сұрақ қойылды. Атап айтқанда, ауылдық елді мекендердегі үлкен сыйымдылықтағы қоғамдық көліктер жүретін жолдарды, Талсуат ауылдық округіндегі орта мектепті, Тасбөгет кентіндегі №257 орта мектепті жөндеу жайы айтылды. Ауылдық елді мекендердің салық түсімін арттыру бағытында жұмыс жасау туралы ұсыныс айтылды. Сессия барысында қойылған сауалдарға нақты жауап берілді. 

Г.АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: