Сейсенбі, 07 мамыр, 03:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Осындай балмұздақ жасауға бола ма?». Қазақстандық балмұздақтың дәмін татқан Қытай губернаторы

21.08.2023

391 0

Үрімші қаласындағы China EXPO көрмесінде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы парткомының хатшысы Ма Синжуй Қазақстанның ұлттық павильонына барып, қазақстандық балмұздақтың дәмін татқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сауда және интеграция министрлігі Қытай губернаторының қазақстандық өнімнің дәмін татып жатқан бейнежазбасын жариялады.

«Ең жақсы шөп, ең жақсы сүт!» – деді вице-премьер-министр Серік Жұманғарин.

«Дәмін татып көрдім, маған ұнады. Өте сапалы. Шыңжаңда дәл осындай балмұздақ жасауға бола ма?», – деді Ма Синжуй.

«Біз тек табиғи шикізатты қолданамыз», – деп жауап берді қазақстандық шенеунік.

«Біз де танымал балмұздақ жасаймыз, оның артында адамдар кезекке тұрады. Адамдар дәл осы брендті сатып алу үшін бір-екі сағат күтуге дайын. Оның дәмін көрдім, бірақ сіздің балмұздақ жақсы, өте дәмді!» – деді партия комитетінің хатшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: