Жұма, 29 наурыз, 02:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда мерекелер саны қысқара ма? Еңбек министрлігі жауап берді

18.08.2022

983 0

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі мейрам сандарын қысқарту жайлы ұсынысқа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мерекелер туралы» заңға сәйкес Қазақстанда ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелер тойланады. 

Ұлттық мерекелер – Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі.

Мемлекеттік мерекелер – қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

Кәсіби және өзге де мерекелер – ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.

«Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мерекелерде ғана демалыс беріледі», – делінген хабарламада. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, демалыс және мереке күндері жұмысшыларға еңбекке қабілеттігін қалпына келтіру, демалу, денсаулығын және өзге де қажеттіліктерді өтеуге арналады. 

«Азаматтардың конституциялық құқығын қорғау және тұрғындардың басым бөлігінің әлеуметтік қызығушылығын сақтау негізінде мереке күндерінің саны қысқармайды», – деп қосты ведомство өкілдері. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: