Сенбі, 20 сәуiр, 03:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

АҚШ Құпия қызметі 11 қыркүйектегі лаңкестік әрекет кезіндегі суреттерді жариялады

12.09.2021

792 0

АҚШ Құпия қызметі 2001 жылғы 11 қыркүйекте Дүниежүзілік сауда орталығына жасалған террорлық шабуыл кезінде түсірілген, бұрын соңды жарияланбаған суреттерді көрсетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қызметтің Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 

Кадрларды қайғылы оқиға орнында жұмыс істеген қызметкерлер түсірген. 

«Ешқашан ұмытпаймыз», – делінген сурет сипаттамасында.

Құпия қызмет сайтында видео да жарияланды.

«2001 жылғы 11 қыркүйектегі қайғылы оқиғаның 20 жылдығына орай АҚШ-тың құпия қызметі қаза тапқандарды еске алады және қызметкерлеріміздің оқиғасын мақтанышпен бөліседі», – делінген видео сипаттамасында.

Осыдан 20 жыл бұрын, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та адамзат тарихындағы ең ірі террористік шабуылдардың бірі болды. Үш мыңға жуық адам қаза тапты. Екі ұшақ Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының мұнараларын тас-талқан етті, үшіншісі Пентагон ғимаратына құлады, ал тағы біреуі Пенсильваниядағы Шанксвилл маңына түсті. Лаңкестік әрекетті «Әл-Каида» экстремистік тобы жоспарлаған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: