Сейсенбі, 17 қыркүйек, 14:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74-2084
17.09.2024
PDF мұрағаты

Ірі көлемде ақша жымқырған Қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

16.09.2024

264 0

Сурет: el.kz

Түркиядан бөтеннің мүлкі аса ірі мөлшерде иемденгені үшін Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, күдікті 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы коммерциялық ұйымның бухгалтері бола отырып, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатын заңсыз иемденген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды. Биылғы тамыз айында ол Түркия аумағында ұсталып, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарына берілді, – делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта аталған адам Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: