Сейсенбі, 17 қыркүйек, 16:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74-2084
17.09.2024
PDF мұрағаты

«Үздік аула» жеңімпаздары кім болады?

17.09.2024

104 0

Қызылорда қаласында қала күнін мерекелеу аясында «Үздік Аула» байқауын өткізу дәстүрге айналған. Биыл бұл байқау жетінші мәрте өткізілуде.
Байқау шарты бойынша жасыл-желекті көпқабатты тұрғын үй¬дің ауласына ғана емес, жеке тұрғын үйдің сыртқы аумағын да өз еңбегімен көгерткен қала тұр¬ғындары қатыса алады. Ол үшін инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілері арқылы #Qzo, #Qyzylorda, #Үздікаула2024 хэштегтерін мін¬детті түрде пайдалана отырып, «Сүйікті қалам – Қызылорда» тақырыбында жылы лебізін жолдап, көгалдандырудағы тәжірибесімен бөлісіп, өз парақшасында сапалы суреттер мен видеоны жариялау қажет.
Байқаудың қорытындысы комиссия шешімен анықталып, қала күніне арналған салтанатты шарада марапатталады. Бұған дейін жеңімпаз атанған аулалар байқауға қайта қатыса алмайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар күтіп тұр.

ЖАСЫЛ-ЖЕЛЕККЕ БӨЛЕНГЕН АУЛА

Қаладағы көпшіліктің көзіне еріксіз түсетін жасыл аула бар. Бұл – аула Зейнолла Шүкіров көшесі, 100 Г үйдің 3-ші подъезд тұрғыны Нұрлыбек Суханның еңбегі.
– Тазалық жұмыстарына аса мән беріп, ауласын таза ұстаумен қоса жасыл-желекке орап, тал егуді әрбір тұрғын қолға алса, қаламыз ең таза, көрік¬ті орталыққа айналады. Ота¬ғасы осы ауланы кө-галдандыруды 2016 жыл¬дан бастады. Аптасына екі-үш рет суарып тұра¬мыз. Ал ауладағы арка¬ны көршілердің ауызбір¬ші¬лігі¬мен бірігіп жасадық, – дейді бағбанның жұбайы Ақбота Жұмабай.
Сөз соңында кейіпке¬ріміз Ақбота қала тұр¬ғындары осылай жанашыр¬лық танытып, әр¬қай¬сысы тұрған үйінің кіре бе¬рісін көгалдандыр¬са, Қызыл¬орда жасыл қалаға ай¬на¬лары сөзсіз деген ойын да жеткізді.

КӨГАЛДАНДЫРУҒА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛГЕН ТҰРҒЫН

Қаланың «Шанхай» аумағындағы Сайыпназар Ахун көшесі №7 үйдің тұрғыны Бірлік Рахметов 10 жыл көлемінде үйдің көше бетін көгалдандырумен айналысып келеді. Үйдің сыртқы аумағына әртүрлі жеміс ағаштары (шие, сары өрік, қара өрік, тұт, жиде, алма), одан бөлек, сән ағашы, үйеңкі, ерен, Сыр талы, қаратал ағаштары отырғызылған.
Жұмыстан кейінгі бос уақытын көгалдандыру ісіне арнаған қала тұрғыны сенбі күні тазалық акциясына да атсалысады.
– Көшемізді таза ұстап, көгалдандырып отырсақ, қаламыздың көркеюіне қосқан үлесім деп ойлаймын. Жылдан-жылға көркейіп жатқан қаламыз әрі қарай да гүлдене берсін, – деген Бірлік Жоштайұлы әрбір тұрғынды қаланың тазалығы мен көгалдануына үлесін қосуға шақырды.
Байқау шарты бойынша жеңімпаздар анықталып, қала күнінде марапатталады. Лайым, жасыл-желекке, гүлзарларға қызыға қарайтын, айналасын әсемдеуге құштар тұрғындар саны жыл сайын арта берсе екен…

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: