Бейсенбі, 30 қараша, 12:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2001)
28.11.2023
PDF мұрағаты

Бөлке нан

15.03.2022

489 0

Азық түлік дүкенінде,

Күндегідей күйбең тірлік,

Абыр-сабыр нөпір халық,

Сауда жасар заттар алып.

Осындай бір қызған сәтте,

Қызу әңгіме болды бірде,

Сөреде тұрған бөлке нан,

Қуанышы ішіне сыймай,

Көңілдегі сырын айтты.

«Қымбаттадық біз бүгін,

Кеше құным арзан еді,

Бүгін бағым жанды» – деді.

Қарап тұрған сары май да,

Жүзі оның шырайланып,

Бізде бүгін қымбаттадық,

Қатарымнан кеш қалмадық.

Сүт те ішіндегі ойын бүкпей,

Ұялғансып, көлгірсімей,

Көштен қалмай бізде ердік,

Дәрежеміз теңелгендей.

Осындай да «қызық» болды,

Баға шіркін шарықтады,

Халық болса қиналуда,

Обал сауап кетті қайда?

Рысбек ТОБЫЛОВ

 

Жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: