Сәрсенбі, 15 сәуiр, 06:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27 (2239)
14.04.2026
PDF мұрағаты

Түнгі клубта өрт шығып, 51 адам қаза тапты

16.03.2025

1583 0

Фото:  Alash.kz.

Солтүстік Македониядағы түнгі клубта болған өрттен 51 адам қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.

Солтүстік Македонияның Кочани қаласындағы түнгі клубта болған өрт салдарынан кемінде 51 адам қаза тауып, 100-ден астамы жарақат алды.

Өрт жексенбіге қараған түні Pulse клубында болған. Сол жерде елдегі танымал ADN хип-хоп дуэтінің концерті өтіп жатқан. Шараға шамамен 1500 адам жиналған.

Елдің Ішкі істер министрлігі өрттің себебі анықталып жатқанын, бірнеше адамның ұсталғанын мәлімдеді.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, өрттің шығуына пиротехниканы қолдану себеп болуы мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: