Сейсенбі, 07 мамыр, 22:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Ауыл шаруашылығы министрі өзін бұйрық орындайтын солдатқа теңеді

07.02.2024

149 0

Сурет: stan.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтан үкімет отставкаға кеткеннен кейін қызметінен айырылып қалам деген қорқыныштың болған-болмағанын сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

7 ақпанда Астанада президент Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Шара алдында журналистер ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтан Олжас Бектеновтің жетекшілігімен жаңа үкімет жасақталып жатқанда министрлік қызметінен айырылып қаламын ба деп қорқады ма деп сұраған.

“Ешқандай қорқыныш жоқ. Қандай қорқыныш болса да, біз әрқашан сенімді болып жұмыс істеуіміз керек. Себебі біз солдатпыз, қайда жұмсаса сонда барамыз”, – деп жауап берген ауыл шаруашылығы министрі.

Сондай-ақ журналистер Сапаровтан министрлер кабинетінің жаңа басшысының талаптарын орындауға дайын ба деген сұраған.

“Әрине, біз әрқашан премьер-министрді тыңдауымыз керек, біз үкімет мүшелеріміз. Бірге жұмыс жасап, бірге қозғаламыз. Президент белгілі бір тапсырмалар беретін кеңейтілген кеңестен кейін Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан жаңа тәсілдер қолға алынатын шығар. Мен тек өз қызметіме жауаптымын”, – дейді Айдарбек Сапаров.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда президент Тоқаевтың жарлығымен Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрі қызметіне қайта тағайындалған еді.

Айта кетейік, үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер белгіленеді деп күтілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: