Бейсенбі, 02 мамыр, 12:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ауыл шаруашылық министрі Жалағаш ауданына барды

14.09.2023

376 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жалағаш ауданындағы «Таң ЛТД» ЖШС-нің күріш ақтау зауыты және ет өңдеу цехының жұмысымен танысты.

Таң ауылдық округіндегі «АгроЛидер Таң» ЖШС-ның ет өңдеу цехы 2019 жылы іске қосылған. Жоба құны 111 млн. теңге, оның 53 млн теңгесі «Байқоңыр» ӘКК тарапынан, 58 млн теңге – серіктестіктің өз қаражаты. Кәсіпорынның жер көлемі 0,3 гектар.

Цехта 15 түрлі ет өнімдері шығарылады. Айына 15 тонна өнімді облыс тұрғындарына тиімді бағада ұсынуда. Мұнда 8 адам тұрақты жұмыс істейді.

Ал шаруашылықтың «Диқан ата» күріш ақтау зауыты 2018 жылы іске қосылған. Өндіріске 150 млн.теңге қаражат жұмсалған. Зауытта тұрақты жұмыспен қамтылған 15 адам тәулігіне 100 тонна күріш ақтайды.

«Таң ЛТД» серіктестігі 2003 жылы құрылған. Серіктестік 2019 жылы тұқым шаруашылығы статусын алды. Қазір аудан шаруашылықтарын I репродукциялы «Лидер» сортымен қамтамасыз етуде.

Құрылым жыл сайын техника жаңартады. Биыл 662 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын еккен. Оның ішінде 483 гектарға күріш, 63 гектарға жаңа жоңышқа сеуіп, 116 гектар ескі жоңышқаны күтімге алған.Аймақ басшысы мен Ауыл шаруашылығы министрі «Таң ЛТД» ЖШС жұмысына оң баға беріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Еске салсақ, бұған дейін облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы мен Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қармақшы ауданында өткен «Дала күні» cеминар-кеңесіне қатысты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: