Жұма, 03 мамыр, 06:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Болашағымызды қорғайық» атты есірткіге қарсы акция өтті

15.11.2023

394 0

Бүгінде жастар мен жасөспірімдер арасында білім беру мен қатар салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау – басты міндет.
Осыған орай Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары Қазақстан халық партиясымен бірлесіп, еріктілер және «ORDA» жоғары колледжінің студенттерінің қатысуымен «Болашағымызды қорғайық» атты нашақорлықтың алдын алу акциясын ұйымдастырды.
Акцияның негізгі мақсаты – есірткіге қарсы күресті күшейту мен нашақорлықтың алдын алу. Іс-шара барысында халық көп шоғырланатын ірі сауда орындарымен базарларда, аялдамалармен қоғамдық көліктерде үгіт парақтары, буклеттер мен флайерлер таратылды. Сондай-ақ жастарды өз денсаулығын сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға, қиындықтарға төтеп беруге үйренуге және қиын өмірлік жағдайларда «Сенім телефондарын» пайдалана білуге шақырды.
Партия мүшелері мен ерікті студенттер бала есірткі қабылдаса не істеу керек, баланың есірткі қабылдағанын қалай білуге болады және онымен қалай күресетіні жайлы жазылған буклеттерді ата-аналарға таратты. Сонымен қатар жастарды кепілгер болып, есірткі таратуға жұмысқа қалай тартатыны, есірткі туралы мифтер мен шындықтар, синтетикалық есірткілердің ағзаға әсері бар ақпарат парақшалары берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: