Сейсенбі, 23 маусым, 11:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47 (2259)
23.06.2026
PDF мұрағаты

Мемлекет басшысы Бельгияда тұратын отандастармен кездесті

23.06.2026

39 0

Фото: Ақорда

Брюссельге ресми сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан Қазақстан азаматтарымен кездесті

Мемлекет басшысы Бельгияда тұратын отандастармен кездесті

Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында отандастарымызды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.

– Жалпыхалықтық референдумда халқымыз бірауыздан, біртұтас қоғам болып Конституциямызды қолдады. Өте керемет құжат, 1 шілдеде күшіне енеді. Ата заңымыз халқымыздың темірқазығы болады. Сондықтан баршаңызды шын жүректен жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын, – деді Президент.

Сонымен қатар Президент шетелде білім алып, жұмыс істеп жүрген отандастарымызға қолдау білдірді.

– Елімізге сіздер сияқты білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар қажет. Қай жерге барсам да жастарға қолдау білдіріп жүремін. Шын мәнінде, бұл жай айтыла салған сөз емес. Жастарға қолдау көрсету – мемлекеттің ұзақмерзімді саясатының бір бөлігі. Жастарымыз әлемнің әр түкпірінде білім алып, еңбек етуде. Мен Президент ретінде мұны қолдаймын. Себебі қай жерде жүрсеңіз де, қазақ болып қаласыз. Біз озық, дамыған, әділетті ел болуымыз керек. Осындай елдің негізін қалау үшін бәріміз бір ел, бір халық болып атсалысуымыз керек, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Бельгияда тұратын отандастармен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа Негізгі заңында білім мен ғылымды және инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде белгіленгенін айтты. Сонымен қатар жастарды бірнеше шет тілін меңгеруге шақырды.

Мемлекет басшысы Бельгияда тұратын отандастармен кездесті

Отандастар оқу мен жұмыстағы жетістіктері жөнінде әңгімелеп, келешек жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, KU Leuven университетінің 3 курс студенті Әлім-Сері Махамбәтәлі Бельгиядағы қазақстандық студенттер қауымдастығы, ал Аружан Болатбекова Брюссельдегі Kazakh Speaking Club қызметі туралы баяндады.

Кездесу соңында Президент Бельгияда тұратын студенттер мен Қазақстан азаматтарына табыс тіледі.

t.me/aqorda_resmi

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: