Сейсенбі, 07 мамыр, 02:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

“Пилот ұшу жолағын шатастырып алған”: Қазақстандық FlyArystan басқа ұшақпен соқтығыса жаздады

01.03.2024

299 0

Фото: Stan.kz

22 ақпанда Алматыға бет алған FlyArystan ұшағы Мумбай әуежайының ұшу-қону жолағында Air India әуе компаниясының Airbus A319 ұшағымен соқтығысып қала жаздады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, қазақстандық ұшақ ұшу-қону жолағына кезекте тұруы керек болатын. Алайда пилот ұшу жолағын шатастырып алған.

Бұл уақытта Air India әуе компаниясының ұшағы жылдамдық ала бастаған. Алайда пилот FlyArystan бортының қозғалысын байқап, жылдамдығын күрт бәсеңдетіп, көкке көтерілмей, соққтығыстың алдын алған.

Үндістан авиациясы оқиғаны тергеуді бастады.

«FlyArystan компаниясы Чхатрапати Шиважи халықаралық әуежайымен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізуде», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: