Жексенбі, 05 мамыр, 06:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты

06.11.2023

537 0

2023 жылдың қазан айында сот Қайрат Боранбаевқа бас бостандығын шектеу жазасын ауыстырды, – деп хабарлайды Massaget.kz .

Бас бостандығын шектеуге сотталғандар өз бетінше жүретін тұрғылықты жері бойынша жазасын өтейді, оларға пробациялық бақылау белгіленеді.

Мекеме әкімшілігі сотталғанға есепке қою үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына кету туралы нұсқама береді, сондай-ақ оны сипаттайтын материалдарды пробация қызметіне жібереді.

6 қарашада Қайрат Боранбаев бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды.

Еске сала кетейік, наурызда Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталған. Ал қыркүйекте жаза мерзімі 6 жылға дейін қысқарған еді.

16 қазанда сотталған Қайрат Боранбаевтың Астананың орталығындағы 4 жұлдызды қонақүйді мемлекет меншігіне тапсырғаны белгілі болды. Аумағы бес мың шаршы метрден асатын қонақ үй кешенінің жылдық айналымы шамамен 900 миллион теңгеден асады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: