Бейсенбі, 09 мамыр, 02:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

«Қорқып, айтатын сөзімді ұмытып, дірілдеп келдім». Ақерке Бүркітбай енесімен алғаш танысқан сәт туралы айтты

06.11.2023

459 0

Әнші Ақерке Бүркітбай енесі Роза Рымбаевамен алғаш танысқан сәт туралы айтты. Бұл туралы өнер иесі «Алғашқы» бағдарламасында әңгімеледі, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, Роза Рымбаева алғашқы кездесуден-ақ ерекше қарсы алған.

«Алғаш Әли мені ертіп, үйге алып келген болатын. 2018 жылы. Қорқып, уайымдап, айтатын сөзімді ұмытып, дірілдеп келдім. Ол кісі ерекше жылулықпен құшағын жайып қарсы алды», – дейді ол.

Сонымен қатар, Ақерке Бүркітбай Роза Рымбаеваның үйінде үй күтушісі жоғын айтты.

«Мама – үйде өте керемет аспаз. Көп адам үйде үй күтушісі бар деген сияқты ойлауы мүмкін. Үй күтушісі жоқ. Әр қонағына тамақты ерекше махаббатпен дайындайды. Менің бақытым деп ойлаймын осындай отбасыға келін болып түскенім. Сахнада да, өмірде де қалай өзін ұстауды, қалай жүруді мен сол кісіден үйренемін», – дейді Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай.

Ақпарат дереккөзі:

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: