Жексенбі, 05 мамыр, 07:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Редакция ұжымы студенттермен кездесті

15.03.2024

424 0

Бүгін газетіміздің 30 жылдық мерейтойына орай Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында редакция ұжымы мен журналистика мамандығының студенттерінің кездесуі өтті.

Кездесуде «Ақмешіт апталығы» газетінің тарихы, бүгіні мен ертеңі жайлы сөз болды. Қоғамдағы дәстүрлі БАҚ-тың орны да – студенттерді толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Жиында мамандығына бейімделіп жүрген жастар сонымен қатар, газет жұмысындағы қиындықтар мен ерекшеліктер жайлы сұрады.
– Қоғамда басылымның өзіндік орны бар. Журналист көтерген тақырыбынан шыққан нәтижені көргенде өзін бақытты сезінеді. Елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын осы мамандықты меңгерсеңдер, қатарларыңның алды болыңдар. Өз биіктеріңді бағындырып, қымбат журналист болыңдар. Сапалы маман қай кезде де жерде қалмайды, – деді газеттің бас редакторы Гүлмира Ділдәбекова.
Жиын соңында қатысушылар естелік суретке түсті.

«АА»-ақпарат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: