Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 15:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Риддер тұрғынының үйінен 7 келі есірткі табылды

23.04.2024

457 0

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел уәкілдері үйде аса ірі мөлшерде марихуана сақтаған Риддер тұрғынын ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

«Күдіктінің жер үйін тінту кезінде салмағы 7,2 келіден асатын, құрамында өсімдік тектес есірткі затына ұқсас екі картон қорап, екі қағаз орамасына салынған қара пакет және есірткіні қолдануға арналған ыдыс тәркіленді. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберіліп, оның қорытындысына сәйкес, пакет ішіндегі кептірілген марихуана екені белгілі болды», – делінген полиция департаментінің ақпаратында.

Айта кетейік, тәртіп сақшылары есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Еске салайық, Жетісу облысында тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары барысында Алматы облысы Іле ауданындағы саяжайда синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан 22 жастағы қызды анықтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: