Жексенбі, 05 мамыр, 01:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

15.11.2023

421 0

14 қарашада ШГ ӘПБ Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы майор Б.Дәуренқұлов облыстың Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамымен кездесті.

Кездесудің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті арттыру.

Іс-шараға барлық санаттағы әскери қызметшілер мен персоналды қызметкерлер қатысты. Кездесу барысында майор Б.Дәуренқұлов әскери қызмет саласында әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастырудың маңызын, сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлау мен жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың өзектілігін түсіндіріп, әскери полицияға деген сенімді арттыруға үлес қосуға және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.         

Сонымен бірге, жеке құрамға 2023 жылғы қараша айына дейін әскери қызметшілермен орын алған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасының атынан шығарылған Үкімдер мен сот қаулылары әскери қызметшілерге жан – жақты жеткізілді.

Бақтияр Дәуренқұлов

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы, майор

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: