Бейсенбі, 02 мамыр, 13:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Төтеншеліктер алматылықтарды жер сілкінісіне дайын болуға үндеді

22.02.2024

492 0

Фото: Polisia.kz

23 ақпан күні таңғы сағат 10:00-де қала бойынша дабыл жүйелері іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ертең 23 ақпанда, дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында таңғы сағат 10:00-де Алматыда жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар өткізілетін болады. Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтары сейсмикалық жаттығуды бастамас бұрын дабыл чемоданын дайындап, қауіпсіз жерге эвакуациялау бағытын алдын ала айқындау керек, – деді Нұрлан Атығаев.

Ол дайындық кезінде қалай әрекет ету керегін еске салды:

– Қауіпсіз орындар – электр желілері мен ғимараттардан алыс орналасқан ашық жерлер.

– «Барлығына, назар аударыңыз!» сигналын естігеннен кейін, сабыр сақтап, ғимараттан эвакуацияланыңыз.

– Төтенше жағдайларға дайын болу – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. Сейсмикалық жаттығуға белсенді қатысуға шақырамыз.

Қалада шартты түрде баспанасыз қалған адамдарғы 384 қабылдау пункті іс жүзінде орналастырылады. Аталған бекеттер халықты жинауға, тіркеуге, уақытша орналастыруға, зардап шеккен халықты қажетті заттармен (су, тамақ, азық-түлік) қамтамасыз етуге, көлікке отырғызып және қауіпсіз аудандарға эвакуациялауға арналған, – дейді департамент басшысы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: