Бүгін Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектеп базасында қала мектептерінің тәрбие орынбасарлары арасында Ұлттық пікірсайыс турнирі өтті. Шараға қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы қатысып, жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
Бәсі басым қалалық турнирге 30-дан аса тәрбие орынбасалары қатысты. Басты тақырып «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы». Мұғалімдер өзекті тақырыптарды ортаға салып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде №7 және №235 мектептен «Алаш айбыны» фракциясы жүлделі ІІІ орын, №10 мектептің «Тәлім» фракциясы ІІ орын алды. Барлық қарсыластарын жеңіп, өзінің шеберлігін танытқан №4 және №285 мектептен «Ұшқыр жебе» фракциясы І орын алып, облыстық кезеңге жолдама алды.
«Үздік спикер» номинациясымен №178 мектептің тәрбие орынбасары Ерлік Оспанов, «Үздік оратор» №23 мектептің тәрбие орынбасары Тимур Шакизада, «Үздік талпыныс» №172 мектептің тәрбие орынбасары Баяхметұлы Мүсірәлі, «Үздік ойыншы» №233 мектептің тәрбие орынбасары Қалыбекова Светлана марапатталды.
Сонымен қатар, №212 мектеп-гимназиясының мұғалімі Жамет Фариза «Үздік төреші» атанса, пікірсайысқа қатысушы фракциялар алғыс хатпен марапатталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!