Құрылтай

Сәрсенбі, 05 тамыз, 11:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58 (2270)
04.08.2026
PDF мұрағаты

Бір сәттік бейқамдық – орны толмас өкінішке айналмасын!

04.08.2026

30 0

Жаз мезгілі – балалар үшін қуаныш пен демалыс уақыты. Алайда дәл осы кезеңде суға кету оқиғаларының саны артып, көптеген қайғылы жағдайлар орын алады. Өкінішке қарай, олардың басым бөлігі ересектердің қарауынсыз қалған балалардың қатысуымен болады.

Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдер!

Баланың қауіпсіздігі – ең алдымен сіздің жауапкершілігіңіз. Балаларды өзен-көлдер мен су айдындарына жалғыз жібермеңіз. Шомылуға тек арнайы жабдықталған, қауіпсіздігі қамтамасыз етілген орындарды таңдаңыз. Бала суда болған әрбір сәтте оны көзден таса қалдырмаңыз. Себебі қайғылы жағдай санаулы секундтың ішінде орын алуы мүмкін.

Балаларға судағы қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріңіз:


     –   ересектердің қарауынсыз суға түспеу;

  • белгіленбеген жерлерде шомылмау;
  • бір-бірін суға итермеу және қауіпті ойындар ойнамау;
  •  жүзуді білмесе, терең суға жақындамау.

Есіңізде болсын, қауіпсіздік – кездейсоқтық емес, ол – сақтықтың нәтижесі. Әрбір ата-ананың қырағылығы бір баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Балалардың өмірі мен қауіпсіздігібәрімізге ортақ аманат.

Оларды қорғауәрқайсымыздың азаматтық әрі атааналық парызымыз!

Қызылорда КПБ ҚҚб ЮПб инспекторы

полиция подполковнигі Л. Туысбаева

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: