Сейсенбі, 19 наурыз, 12:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23(2033)
19.03.2024
PDF мұрағаты

Дінмұхамед Қонаевтың нақыл сөздері

12.01.2021

4290 0

Бүгін қазақтың аяулы перзенті, қөрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың дүниеге келген күні. Редакция ұжымы танымал тұлғаның туған күні қарсаңында оның нақыл өздері мен құнды ойларынан үзінді ұсынуды жөн көрді.

***

Өмірдің екі тірегі бар. Үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.

***

Сыпайылық кiшiлiктен ғана емес, кiсiлiктен де туады.

***

Жиырмасыншы ғасыр таңғажайып ғасыр, тарих үшін қызықты, ал замандас үшін қасірет ғасыры.

***

Адам айнасы – адам.

***

Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру.

***

Ақиқаттан аттап кету — арға сын.

***

Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.

***

Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды.

***

Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын.

***

Сенім — құдіретті күш: тауды да қозғайды.

***

Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте.

***

Орынды сын ойлантпай қоймайды.

***

Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.

***

Жалада шындық болмайды.

***

Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: