Сейсенбі, 26 мамыр, 12:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

2026-2027 оқу жылына 90 мыңға жуық грант бөлінді — Саясат Нұрбек

26.05.2026

129 0

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

2026–2027 оқу жылына жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өткен жылдар деңгейінде сақталады, – деп хабарлайды KAZINFORM

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті. Министрдің айтуынша, алдағы оқу жылына жалпы саны 89 457 мемлекеттік грант бөлінген. Оның ішінде 75 371 грант бакалавриатқа, 11 007 грант магистратураға және 3 079 грант докторантураға қарастырылған.

— Мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру барысында ел экономикасының 2030 жылға дейінгі кадрларға деген қажеттілігі ескерілген. Болжамға сәйкес, Қазақстанда 883 мыңнан астам маманға сұраныс болады. Оның ішінде шамамен 530 мыңы инженерлік-техникалық бағыттағы кадрлар болса, 185 мыңнан астамы педагогикалық салаға тиесілі. Ал 168 мыңға жуығы өзге салалардың мамандары болмақ, — деді ол.

Осыған байланысты гранттарды бөлуде инженерлік, IT, аграрлық, педагогикалық және жаратылыстану бағыттарына басымдық берілген. Атап айтқанда, мемлекеттік гранттардың 60 пайызы инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар және ауыл шаруашылығы мамандықтарына бағытталған. Сонымен қатар 21 пайызы педагогикалық кадрларды даярлауға бөлінді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: