Бейсенбі, 18 сәуiр, 07:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Академик атындағы байқау

20.05.2023

637 0

Қызылорда қаласында Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаевтың жүлдесіне арналған халықаралық жас математиктер байқауы ұйымдастырылды. Білімділер бәсекесіне физика-математика ғылымдарының докторы, професссор, академик Асқар Жұмаділдаев арнайы келіп, алдымен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қабылдауында болды.
Өңір басшысы аймаққа арнайы келген конкурстың қазылар алқасының төрағасы Асқар Серқұлұлымен кездесіп, білім бәсекесінің жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірді.
− Ең алдымен байқаудың жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдіріп, атсалысып жүрген сізге және «Қазақстан Математика пәні мұғалімдері қауымдастығына» шынайы ризашылығымды біл¬діремін. Байқауға еліміздің, сондай-ақ көршілес мем¬лекеттердің жастарын қатыстыруға мүмкіндік жасау туралы ұсынысыңызға сәйкес 2019 жылы тұңғыш рет халықаралық деңгейде өтті. Ал былтыр белсенді жастармен кездесу кезінде байқауды об¬лыстық деңгейде және халықаралық сипатта өткізу туралы шешім қабылдадым. Бүгін міне, сайдың тасындай іріктелген дарынды жастар Сыр өңірінде ұйымдастырылған білімділер додасына жиналды. Бұл дода жастардың білімін шыңдауға, өзара достық қарым-қатынас орнатуға зор септігін тигізеді деп сенемін, − деді облыс әкімі.
Академик Асқар Жұмаділдаев облыс әкіміне іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, туған жеріне деген ыстық ықыласын білдірді.
Асқар Жұмаділдаев атындағы жас мате¬матиктер арасындағы халықаралық байқауға еліміздің және көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекетінен келген 18 бен 28 жас аралығындағы 100 математик бақ сынады.
Байқаудың жалпы жүлде қоры – 3 млн 600 мың теңге. 1 орынға – 1 млн теңге, 2 орынға 500 мың теңге, 3 орынға 300 мың теңге, сондай-ақ белсенділік танытқан 10 қатысушыға 100 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы табысталды.
Байқауға қатысушылар құрамын сапалы іріктеу мен тапсырмаларды әзірлеуге «Мате¬матика пәні мұғалімдерінің Қазақстандық қауымдастығы» республикалық қоғамдық бір¬лестігі атсалысты. Комиссия құрамына еліміздегі және көршілес елдердің ең мықты деген мамандары тартылды.
Халықаралық байқаудың салтанатты жабылу рәсімінде академик Асқар Жұмаділдаев пен Қызыл¬орда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов сөз сөйлеп, барлық қаты¬су¬шыларды құттықтап, ризашылықтарын білдірді.
Шара барысында дарындылар додасының жеңімпаздары марапатталып, арнайы диплом мен «Үздік математик» аталымы берілді.
Байқаудан бөлек академиктің Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жас математиктерге арналған ғылыми тереңдетілген лекциясы өтті. Лекцияда ғалым күрделі есептердің шешілу жолы мен тәсілдерін айтты.
Сондай-ақ Асқар Жұмаділдаев ғылымды дамыту, жастардың ғылыммен айналысуына қолдау көрсету мәселелеріне тоқталды. Ұлттық ғылым академиясының әлеуеті, ғалымдардың академияға жұмысқа орналасуы, тәжірибе алмасуы туралы сөз қозғады.
Профессор Нағи Ілиясов ауылына да арнайы ат басын бұрып, тыныс-тіршілігімен танысты. Онда өткен жылы салынған «Еңбекшілер» аллеясын және әлеуметтік нысандарды аралады. Сондай-ақ «Мағжан и К» ЖШС жұмысымен де танысты. Ауыл кітапханасына да барып, математика туралы кітаптардың сапасына мән берді. Бұған қоса ауыл ақсақалдарымен жолығып, тілдесті.
Одан бөлек физика-математика ғылым¬дарының докторы өңірде жүзеге асырылып жатқан «ІТ-Математика» жобасының жұмыс¬тарымен танысты.
Жиын барысында қатысушыларға «ІТ-Математика» облыстық жобасы аясында мектеп оқушыларының шығармашылық көр¬месі, мектеп мұғалімдерінің математика пәнін тереңдетіп оқыту және ІТ-технологиялар кө¬мегімен оқыту бағыттары бойынша жасалып жатқан жұмыстары, университет ғалымдарымен бірлесіп дайындалған ав¬торлық әзірлемелер мен оқушылардың ғы¬лыми жобалары, математика пәнін оқытуда пайдаланып жатқан цифрлық білім беру ресурстары таныстырылды.
Сонымен қатар қатысушылар мен қонақтар мектептегі Асқар Жұмаділдаев атындағы арнайы кабинет, алгебра, геометрия, ІТ-мате¬матика және басқа да тереңдетіп оқытуға арналған бейінді кабинеттерді қамтитын блок жоспары мен дайындығын тамашалады.
А.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: