Дүйсенбі, 06 ақпан, 18:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№10 (1917)
04.02.2023
PDF мұрағаты

Ардагер ұстаздарға құрмет

07.12.2022

160 0

Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектепте білім ошағының  60 жылдық мерейтойына орай ардагер ұстаздармен кездесу өткізілді.

Мерейтой барысы қонақтарды батыр қыз Әлия Молдағұловаға арналған кабинеттегі құнды жәдігерлермен танысудан басталды. Оны бастауыш сынып мұғалімі, Әлия мұрасын зерттеуші Саматова Тұрсынкүл таныстырды. Сонымен қатар заман талабына сай жабдықталған балаларға арналған оқу кабинеттерінде оқушылардың өз қолдарымен жасалған қолөнер бұйымдарын тамашалады. Мектеп кітапханашысы Омарова Лаззаттың «Оқуға құштар мектеп» жобасы жұмысының нәтижесін көріп, оқушыларға ардагер ұстаздар батасын берді.

Ардагер ұстаздар мектептің тыныс-тіршілігімен осылайша танысты. Бұдан соң акт залда ардагер ұстаздарға арналған «Ардагерлермен жарқын жүздесу» атты кездесу салтанатты кеш басталды. Мектеп директоры Гүлмира Расилқызы Қонырбаева ардагерлерді мектеп мерейтойымен құттықтап, ыстық лебізін жеткізді. Ұстаздардың өткен еңбек жолынан естеліктер жинақталған бейнебаянды тамашалап, жаратылыстану, математика, информатика пәні мұғалімдері ұйымдастырған көңілді ойын, сұрақ-жауап, ән-шашуларына ризашылықтарын білдірді. Ардагер ұстаздар ұжымға рахметтерін айта отырып, мерейтойымен құттықтап, өз естеліктерімен бөлісті.

Шара соңында ардагерлерге ақ дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.

Тағы да оқыңыз: