Жұма, 19 сәуiр, 12:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Ашық сабақтан оқушылардың алары көп

29.11.2022

943 0

Қызылорда қаласындағы Н.Ергешбаев атындағы №172 орта мектебінің ағылшын тілі пән бірлестігі мұғалімдері  I жартыжылдық бойынша 21-25 қараша аралығында ашық сабақтар өткізді.

Мәселен, Гүлнар Жұбатқанқызы Сатыбалдиева 21 қараша күні 9 «Ә» сыныбында ағылшын тілі пәнінен  “Types of mountains” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылармен амандасып болған соң үй тапсырмасын “Венн диаграммасын” пайдалану арқылы сұрап, оқушылар Есіл және Темза өзендерінің айырмашылықтары мен ортақ ұқсас жақтарын атады.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу  мақсатында «In search of treasure”, яғни «Қазынаны іздеу жолында» әдісі қолданылды. Мұнда оқушылар алдын-ала сынып ішінде жасырылған сөздерді іздеп тауып, жаңа сабақтың тақырыбын құрастырып шығарды. Тақырып: “Types of mountains” екені табылды.

Сабақта «Таулар не үшін маңызды?» сұрағына оқушылар өз ойларын айтып шығып, дәптерлеріне күннің реті мен сабақ тақырыбын жазды. Бірінші оқушылар жаңа сабақтың жаңа сөздерімен танысты. Кейін глоссарий арқылы қиын сөздердің мағынасына анықтама беріп, аудио арқылы жаңа сөздерді тыңдап, аудармасы мен оқылуын кезек-кезек жасыру арқылы тауып отырды.

​Мәтінді оқымас бұрын оқушылар таулардың түрлері және олардың қалай пайда болғандығы жайлы слайдтағы суреттерді көріп, мағлұмат алды. Кейін мәтін ішіндегі бос тұрған жерлерге «Where is my place?», яғни «Менің орыным қайда?» әдісін пайдалану арқылы керек сөздермен толықтырды. Мәтінді оқу барысында оқушылар мәтін ішінен жаңа сөздерді тауып, сөйлем құрастырды, түсінгендері бойынша постер қорғады. Сабақ барысында әр орындалған тапсырмадан соң бағалау жасалып отырды.

Бекіту тапсырмасы ретінде  видео көрсетіліп, сол бойынша жазбаша сәйкестендіру тапсырмасы орындалды. Кері байланыс үшін «Жетістік баспалдағы» әдісі пайдаланып, әр баспалдақтың астында «20%, 40%, 60%, 80%, 100%» таңбалары жазылып тұрды. Оқушылар сол күнгі сабақты қаншалықты игергендігін пайыздық көрсеткіш бойынша бағаланып, сабақ соңында пән мұғалімі 3 топты сабаққа белсенді қатысып, жақсы жұмыс істегені үшін өз тарапынан сертификатпен марапатталды. Сабақтың соңында үй тапсырмасы беріліп, түсіндірілді.         

    Ал 22 қараша күні Индира Баймұрзақызы Жалғасбаева 3 «Ә» сыныбына «At the right time» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты оқушылардың пәнге деген қызушылығын арттыру. Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталды, оқушылар «Day» және «Week» атты топқа бөлінді. Үй тапсырмасы «Magic box» әдісі арқылы сұралып, оқушылар сиқырлы қорапта сұрақтар жазылған карточкаларды алып жауап берді.

 Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Code game» ойыны ойнатылып, оқушыларға 26 әріп пен 26 сан жазылған карточка таратылып берілді. Қажетті сандар слайдта жазылып, сол сандар арқылы сабақтың тақырыбы ашылды. Әрі қарай 10-100 ге дейінгі сандар және жаңа сөздер алынып, сандарға және уақытта байланысты «Remember!», яғни «Есте сақта!» ережесі түсіндірілді.

Мысалы, 1 сағатта 60 минут, 1 минутта 60 секунд бар екендігі туралы айтылды. Сандарға байланысты санды әріппен жазу тапсырмасы жазбаша түрде екі топқа үш тапсырмадан бөліп беріп орындалды. Оқылым дағдысы бойынша кітаптағы мәтін алынып, мәтінді оқу және сұрақтарға жауап алынды. Математика пәнімен байланысты мәтін арқылы топпен жұмыс жасалып, екі топтың атауына байланысты тапсырма берілді.

Мысалы, 1-ші топқа «Daily routines» күн тәртібіне байланысты ресурстарды ретімен қою, 2-ші топқа «Days of the week» аптаның әр күнінде не істейтіндігі туралы ресурстар мен сөздерді ретімен қойып қорғау тапсырмасы берілді. Сабақтың әр тапсырмасы смайликтер арқылы бағаланып, оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысты.

 Осы күні Гүлжанат Жазықбайқызы Нұржанова да 5 «б» сыныбында ағылшын тілі пәнінен  «Celebrations» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Үй тапсырмасы тексерілген соң эаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Guess the dates!» атты күндерді  табу ойыны ойнатылды.

Оқушылар күндерді атау арқылы қандай мереке екенін айтып өтті. Нәтижесінде сабақты тақырыбы мерекелерге байланысты екені анықталды. Оқушылардан қандай мерекелерді білетіні және қай кезде тойланатыны сұралды. Олар дәптерлеріне күннің реті мен тақырыпты жазып, жаңа сабақтың жаңа сөздерімен танысты.

 ​Мәтін оқымас бұрын оқылым дағдысының 1-кезеңіне видеоны көру мен сұрақтарға жауап беру тапсырма алса, оқылым дағдысының 2-кезеңінде оқушылар кезекпен мәтінді оқып, «Graphic Organizer»-ді толтырды. ​Оқылым дағдысының 3-кезеңінде «True- False» тапсырмасы орындалып, оқушылар естерінде қалған екі ақпаратты айтты.

​Сергіту мақсатыге: «What is  in the box?»- ойыны алынды. Оқушылар кезекпен сыйлықтың қорабы салынған картаны алып оның ішіндегі бейнені тапты.

Жазылым дағдысының тапсырмасына «About me» атты өзім жайлы жаттығуы орындалды. Оқушылар анасы, әкесі мен бауырларын неге жақсы көретінін жазып оқып шықты.  Сабақ барысында әр орындалған тапсырмадан соң бағалау жасалып отырды.

Одан бөлек Жанат Орынбасарқызы 23 қараша күні 4 «Б» сыныбына «Our planet’s treasure» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылардың ағылшын пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында өткен сабақта олар Табиғат байлықтарымен танысты.

Сабақ барысы амандасу әнімен басталып, оқушылар екі топқа бөлініп, оқушыларды түгендеп, үй жұмысы сұралды. Жаңа сабақ тақырыбын  «Collect  the pazzle» әдісімен табиғат суреті бейнеленген суретті оқушылар құрастыру арқылы тапты.

Сабақты жаңа сөздерін таныстырмастан бұрын видео көрсетіліп, слайд арқылы жаңа сөздердің аудармасы оқылды. Оқушылар тыңдалым арқылы жаңа сөздерді қайталады.

Жеке жұмыс ретінде жаңа сөздердің қазақша  аудармасын оқушылар жұмыс дәптеріне жаздып, дүние жүзі картасы арқылы жұмыс жасады, Олар картаға жер, су атауларын белгілеп, сөйлемді оқу арқылы картамен жасаған жұмыстарын көрсетті.

Жаңа тақырыпты түйіндеу үшін «T or F», яғни жалғас-рас жаттығуын орындады. Оқушылар сабақта смайликтер арқылы бағаланып, кері байланыс үшін «СМС» әдісі қолданылды.

Айжан Жадрасынова да 6 «А» сынып оқушыларына «Earth’s oceans» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушыларға мұхиттар туралы толық мәлімет беру мақсатында өткен сабақта жаңа сөздерді пайдалана отырып, түрлі жаттығу жұмыстары орындалды.

«Ой ашар» әдісін пайдалана отырып сабақтың тақырыбын ашып алған мұғалім жаңа сөздердітаныстырып,  сиқырлы қораптың көмегімен жаңа сөздермен жұмыс жасатты. Оқушылар жаңа сабақтың видеосын көріп, мұхиттар туралы толық мәлімет алды.

Әлемде қанша мұхит барын, олардың көлемі мен ерекшеліктері туралы білген олар оқулықта берілген  мәтінді оқып, мәтін бойынша түрлі жаттығуларды орындады. Тапсырмалар жеке, жұппен және топпен орындалып отырды. Орындалған тапсырмалар «Керемет!», «Жарайсың!», «Өте жақсы!» деген сияқты қолдау сөздермен және түрлі смайликтермен бағаланды. Сонымен қатар оқушылар сұраққа жауап беру барысында берілген сұрақтардың дұрыс-бұрыстығын тексеру кезінде өз-өздерін бағалап отырды.

Оқушылардың алған білімін тексеру барысында «Plickers» платформасын қолданып, берілген сұрақтарға белсене жауап беріп, барлық оқушы бағаланды. Сабақтан алған әсерлерін олар «Мұғалімге хат» әдісі арқылы қорытындылады.

А.НҰР

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: