Кеше Қызылорда қаласындағы аймақтық тестілеу орталығында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуде Альфия Балхан ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, 140 балл жинады.
Талапкер негізгі білім сынағында «Қазақ тілі – қазақ әдебиеті» пәндері комбинациясы бойынша 138 балл иеленген. ҚАЗТЕСТ нәтижесіндегі «Қазақ тілі» пәні бойынша балын конвертациялап, жалпы көрсеткішін 140-қа жеткізді.
Жалағаш ауданы Еңбек ауылындағы №232 М.Байділдаев атындағы орта мектептің түлегі ҰБТ-ға дайындықты 11-сыныпқа өткеннен бастап жүйелі жүргізген. Таңдаған мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Талапкердің сөзінше, қазақ әдебиетіне қызығушылығы мен ана тіліне құрметі болашақ мамандығын таңдауға негіз болған.
Сондай-ақ ол ҰБТ-ға дайындық барысында қолдау білдірген ата-анасы мен ұстаздарына алғысын жеткізді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
