Жұма, 29 наурыз, 02:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Бағдарлама игілігі бүлдіршіндерге

16.11.2022

569 0

Білім беру саласына өзіндік үлес қосып жүрген «BAUER group» компаниясы 2020 жылы мемлекеттік және жеке меншік әріптестік негізде балабақша салуды қолға алған. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламаға өтініш тастап, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы қолдау тапқан.

– 2020 жылы мемлекеттік және жеке меншік әріптестік негізде 320 орындық балабақша салуды жоспарлаған едік. Құрылысқа қажетті қаржы 938 млн теңгені құрады. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорымен екінші деңгейлі банк арқылы алынған несиенің проценттік мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдендіру құралдары бойынша жеңілдік жасалды. Қазіргі таңда балабақша білім беру талабына сай жұмыс жасауда дейді, – компания басшысы Бауыржан  Еркебаев.

Екі жыл көлемінде жұмыс жасайтын балабақша қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Бүлдіршіндердің қабілетін, ой-өрісін дамытуда түрлі әдіс-тәсілді қолдана отырып зейінін ашады. Балабақшаның заманауи үлгіде жабдықталып, балаларды қызықтыратын түрлі көркемдік құралдармен көмкерілуі ерекше күй сыйлайды. Сонымен қатар, балаларды шынықтыруда арнайы бөлме жабдықталған. Ой-өрісін дамытуда шахмат үйірмесі жұмыс істейді, бес демше, бес тас ойындарына баулиды. Одан бөлек, хореография, музыка залы мен ағылшын сыныбы бар. Бір ерекшелігі балалардың бойына қазақы тәрбиені сіңдіріп, дәріптеуде әр топта ұлттық құндылығымыздан көрініс беретін арнайы бұрыш жасақталған.

Балабақша меңгерушісі Светлана Меңтаева қазір білім беру әдісінің өзгергенін, балаларды ойын арқылы дамытуға көңіл бөлінетінін айтады. Сондай-ақ бұрынғыдай мектеп алды топтарда әріптерді таныстыруда ойын арқылы жүргізіледі екен. Мемлекеттен қолдау тауып, оны әрі қарай келісті іске ұластыра білген кәсіпкердің білім саласына ерекше ден қоюы расымен, қуантарлық.

Ақмешіт-ақпарат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: