Жексенбі, 28 сәуiр, 15:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Бала құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

16.02.2024

253 0

Бүгін қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Комиссияның күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына жолдау, ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарып, олардың құқықтарын теріс пайдалануына байланысты ата-аналық құқықтарын шектеу мәселелері талқыланды. ​

Комиссия төрағасы Дархан Есалыұлы кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту мақсатында сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.​ Комиссия тарапынан кәмелетке толмағандардың мәселесі бойынша балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында тиісті шешімдер қабылданды.​

Сонымен қатар, «Қауіпсіз қала» тұжырымдамасын іске асыратын қала әкімінің өкімімен арнайы құрылған жұмыс тобының өкілдерімен профилактикалық бағыттағы жұмыс жоспарынан туындайтын мәселелерге қатысты ұсыныстар мен пікірлер талқыланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: