Жұма, 11 қазан, 07:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Балабақшада баланы аяусыз ұрған видео тарады

23.02.2024

818 0

Сурет: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде балабақшада бүлдіршіннің таяқ жеген видеосы тарады. Оқиға Алматыдағы балабақшаның бірінде орын алған – деп хабарлайды aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі ztb телеграм арнасына сілтеме жасап .

Желіде балалар өзінің тобындағы баланы аяусыз ұрып-соғып жатқан видеосы тарады. Зардап шеккен баланың ата-анасының сөзінше, оқиға 2024 жылы 21 ақпанда орын алған.


«Біздің баламызды балалар аяусыз соққыға жыққан. Бұл шамамен бес минутқа созылды. Баламыз сол жерде отырды, олар оны еденге лақтырып, ұра бастады» – дейді жәбірленуші баланың ата-анасы.

Ата-ананың айтуынша, бұл жағдай тәрбиешілердің қарауынсыз қалған сәтте болған.

Қазір кішкентай бала мидың шайқалуы деген диагнозбен ауруханада жатыр.

«Балалардың қатыгез болғаны бізді қорқытып тұр! Ата-анасы оларға осындай тәрбие берді ме? Бұл не? Біз күні бойы жылаймыз», – дейді баланың ата-анасы.

Тіпті тәрбиеші баланың таяқ жегенінде байқамаған. Олар баланың өзі құлап қалғанын алға тартқан.

Қазіргі таңда Алматы қалалық білім басқармасы тәрбиешіге қатысты қатаң сөгіс жарияланғанын мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: