Сәрсенбі, 24 сәуiр, 03:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Банк қосымшасы арқылы да кезекке тұра алады»: Елімізде балабақшаға кезекке тұру мәселесі қалай шешіледі

12.12.2022

535 0

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда балабақшаға кезекке тұру мәселесін шешу қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Министрдің сөзінше, бүгінгі таңда елімізде балабақшаның мемлекеттік кезегі дайындалып жатыр. Бұған дейін кезек әр облыста жеке болған. 

«Қазір электронды түрде балабақшаға кезекке тұруға болады. Бұрынғыдай қағаз тасудың керегі жоқ. Дегенмен осы тұста туындап отырған мәселе бар. Көпшілігі кезекке тұрып, орын алған соң жекеменшік балабақшаға барады. Алайда ата-аналардың көпшілігі орын босаса, мемлекеттік балабақшаға ауысқысы келіп тұрады. Екінші мәселе – кезекке тұрудың қиындығы. Мұны шешу үшін республикалық орталықтандырылған кезекті дайындап жатырмыз. Бүгінде әр облыста жеке кезек бар. Сәйкесінше бір ата-ана Павлодар облысында да, СҚО-да да кезек алуы мүмкін. Осындай жағдайдың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін орталықтандырылған кезек пайда болады», – деді министр.

Асхат Аймағамбетов алдағы уақытта балабақшаға кезекке тұру банк қосымшалары арқылы да мүмкін болатынын мәлімдеді. 

«Болашақта кезекке тұру тек eGov сайтында ғана жүзеге асырылмайды. Қазір екінің бірінде банк қосымшасы бар. Мұнда азаматтар билет те сатып ала алады. Сәйкесінше баланы кезекке қою және кезегі келгенде балабақшаға орналастыруды банк қосымшасы арқылы іске асыру мүмкіндігін енгізбекпіз», – деп түсіндірді министр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: