Жұма, 11 қазан, 05:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Бастауыш сынып оқушылары жаппай тамақтан уланып қалған

07.09.2024

416 0

Оқушылар жаппай тамақтан уланып қалды. Оқиға Маңғыстау облысында Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте орын алған. Бұл туралы  Lada.kz порталы хабарлайды.

Деректерге сүйенсек, мектеп асханасына барған 1-4 сынып оқушылары зардап шекті.

«Қарындасым мектептен келе сала, ұйықтайтынын айтты. Кешке оянған кезде жүрегі айнып, қызуы 39,2 градусқа дейін көтерілді. Біз оны Маңғыстау ауылының ауруханасына апардық», – деді бірінші сынып оқушысының ағасы.

Зардап шеккен қыздың туыстарының айтуынша, жергілікті ауруханаға барған кезде ол жақта кезекте 50-ден астам бала болған. Көрші Маңғыстау ауылының медициналық мекемесі 35-40 оқушыны бақылап, кейбір зардап шеккендерді Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасына жіберген.

Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы 6 қыркүйек күні кешке №8 мектептің 21 оқушысының ата-аналары іштің ауыруы мен дене қызуына шағымданғанын хабарлады. Сағат 13:15-те 58 бала медициналық көмекке жүгінген. Клиникада 26 бала ем алып, 27 бала үйде бақылауға жіберілген. Тағы бесеуі ауруханаға жатқызылды.

Уланудың себебін өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызметкерлері анықтайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: