Жұма, 19 сәуiр, 16:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Білім басқармасының басшысы колледж түлектерімен кездесті

21.04.2023

504 0

Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің бітіруші түлектері, болашақ мұғалімдермен еркін форматта кездесті.

«Жастар – мемлекетіміздің мәртебесі» деген тақырыппен өткен кездесуде сала басшысы Мемлекет басшысының білім саласына, ұзтаздарға деген қолдауы мен қамқорлығын және өңірімізде облыс әкімінің басшылығымен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, облыста жаңадан ашылатын мектептер мен “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы жайында әңгімелеп, келешекте сол білім беру ұйымдарында осы бітіруші түлектердің үздіктері конкурс арқылы жұмыспен қамтылатынын атап өтті. Мұнымен қоса мектепке, оқушыға және өз жұмысына жан дүниесімен берілген адам ғана – ұстаз болатындығын және сол атаққа көп ізденіспен, еңбекпен ғана жететіндігі жөнінде кеңес берді.

Келешек жас мамандар бас ұстазға өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алып, өздерінің алғыстарын жеткізді.

Кездесу соңында Мейрамбек Зинабдинұлы үлкен өмірге қадам басқалы тұрған колледждің 382 түлегіне сәттілік тілеп, жастарға сенім артатынын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: