Бейсенбі, 02 мамыр, 19:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Білім басқармасының қызметкері антикор тергеуінен кейін өзіне қол жұмсады

24.01.2024

474 0

Сурет: stan.kz

Тергеуге куәгер ретінде шақырылған Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім басқармасының қызметкері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеуіне қатысқан соң өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Солтүстік Қазақстан облысында қылмыстық іс бойынша сотталушының қарамағындағы қызметкердің өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Ол тергеуге куәгер ретінде қатысты. Сондай-ақ облыс бойынша оның емін-еркін жүріп-тұруына шектеу қойылмаған еді. Полиция суицидке итермелеу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр”, – деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Арман Тілеукеновтің айтуынша, сотталушы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы білім бөлімінің басшысы қызметінде болған. Марқұмның басшысы делдал арқылы 1,2 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген.

“Ол бір мектептің күрделі жөндеуін аяқтағаны туралы актіге қол қойғаны үшін мердігер ұйымның өкілінен пара алған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз хатшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: