Жұма, 03 мамыр, 03:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында мониторинг жүргізілді

04.08.2023

326 0

Аймақтағы 296 мектептің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында мониторинг жүргізілді. Сәйкесінше, барлық білім беру ұйымдарында косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілген, жаңа оқу жылының басталуына дайын. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова мәлімдеді.

– Ал кейбір мектептерде ағымдағы және косметикалық жөндеу жұмыстары жалғасуда, осы жылдың 25 тамызына дейін аяқталатын болады. Жалпы мониторинг барысында анықталған проблемалық мектептер бақылауға алынды және ағымдағы жылдың тамыз айының аяғында қайтадан қорытынды мониторинг жүргізіледі,-деді Ғалия Ноғайқызы.
Айта кетейік, биыл 1- сыныпқа 17378 бала келеді деп болжанған. Қазіргі уақытта 1-11 сыныптардағы оқулықтарға 938 млн. қаржы бөлінген. Бұған қоса 362965 дана оқулық, оқу әдістемелік кешен алу жоспарланған. Одан бөлек, 12 баспамен 83 шарт жасалып, 9 тасымалдаушы анықталып, 25 тамызға дейін білім беру ұйымына жеткізу күтілуде. Балаларды 1-сыныпқа қабылдау, оқулықтар бойынша да Департамент тарапынан мониторинг жүргізілетін болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: