Жұма, 19 сәуiр, 11:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Білім мен ғылымды дамыту жолында

23.04.2021

1762 0

      Жақында «Nur Otan» партиясы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің бірінші отырысы болып өтті. Отырысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Кеңес төрағасы Жұлдыз Сүлейменова жүргізді. Төраға кеңес мүшелерін таныстырды. Әрі қарай жұмыс жоспары мен Кеңестің Ережесі бекітілді. 

      Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңес партия жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Бәрімізге белгілі, партия 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын қабылдады, ол бірнеше бағытты, соның ішінде білім мен ғылымды дамытуды қамтиды.

       Партия өзінің Сайлауалды бағдарламасының орындалуына көп көңіл бөледі, сондықтан Кеңестің бірінші отырысында 2025 жылға қарай 800 жаңа мектеп салу есебінен апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу туралы сұрақ қаралды. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың баяндамасы тыңдалды. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар 800 мектепті салып, пайдалануға беру жоспарын жасады. Тапсырма аясында 232 жекеменшік мектеп және МЖӘ аясында 101 мектеп салынады. Мемлекеттік бюджеттен 267 мектептің құрылысына қаражат бөлінетін болады.

          Кеңес мүшелері мен шақырылғандар күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға белсенді қатысты. Сыр өңірінен Қызылорда облыстық қоғамдық кеңес төрағасы ретінде өзім және әріптесім Елеусинов Бауыржан қатысып, алдағы уақыттағы атқарылатын жұмыстарға нақты бағыт алдық.  Ең алдымен Қызылорда облыстық қоғамдық кеңес құрамы бағдарламада қамтылған білім саласының дамуы жолында «Бақытты балалар», «Болашағына сенімді жастар», «Парасатты және зияткер қоғам» бағыттары бойынша келесідей қарқынды жұмыстардың жүзеге асырылуына ықпал етеді. Олар: Кезең-кезеңімен 54 білім беру объектісінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу (2021 ж. – 8 мектеп: Арал ауданы №14, Қазалы ауданы №17, №234, Қармақшы ауданы №28, Жаңақорған ауданы №193, Қызылорда қаласы №138, 7, 15 мектептері; 2022 ж. – 11 мектеп: Арал ауданы №220, Қазалы ауданы №70, 96, Қармақшы ауданы №275, 85, Жалағаш ауданы №1, Шиелі ауданы №151, Жаңақорған ауданы № 55, Қызылорда қаласы № 253, 4, 222 мектептері; 2023 ж. – 12 мектеп: Арал ауданы №260, Қазалы ауданы №190, №94, Қармақшы ауданы №121, №29, Жалағаш ауданы №1, Сырдария ауданы №1, Шиелі ауданы «Лесхоз» мектебі, Жаңақорған ауданы №54, 63, Қызылорда қаласы №9, 212 мектептері; 2024 ж. – 12 мектеп: Арал ауданы №13, Қазалы ауданы №88, 25, Қармақшы ауданы №108, 80, Жалағаш ауданы 1 кешкі мектеп, Сырдария ауданы 1 мектеп, Жаңақорған №51, 125, Қызылорда қаласы №12, 39 мектептері; 2025 ж. – 11 мектеп: Арал ауданы №73, 177, Қазалы ауданы №92, 91, 100 мектеп, Қармақшы ауданы №99, Жалағаш ауданындағы 1 мектеп, Сырдария ауданындағы 1 мектеп, Жаңақорған ауданы №3 мектеп-интернат, Қызылорда қаласындағы № 211, 217 мектептері);1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылуын 81%-ға дейін арттыру; 2025 жылға дейін облыстың барлық мектептерін химия, биология, физика пәндері кабинеттерімен кезең-кезеңімен жарақтандыру;Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру және дуальді оқыту қағидаттарын енгізу (оқу процессін практикалық жұмыспен үйлестіру);

Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым түлектерін 75%-ға дейін жұмысқа орналастыру; Педагогтарды киберпедагогика мен қашықтан оқыту әдістемесі негіздері бойынша оқыту; 2025 жылға қарай ҰБТ-да 100 және одан да көп балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі 23%-ға дейін арттыру; Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бұрын салынған тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың (меншік түріне қарамастан), аялдамалар мен тротуарлардың 55% мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді етіп бейімдеу; Балаларды инклюзивті біліммен қамтуды 100%-ға дейін арттыру. 9 ресурстық инклюзивтік орталықтарды ашу ( Арал қ., Қазалы қ., Жалағаш к., Тереңөзек к., Шиелі к., Жаңақорған к., Байқоңыр қ. – 2,) және оларды мамандармен қамтамасыз ету.

Алда көп жұмыс күтіп тұр, білім беруді дамыту мәселелері мемлекет пен жетекші партияның ерекше назарында.

Гүлнар Есқалиева

Облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: