Мәжіліс депутаттары 2026 жылғы 28 мамырда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заң жобасының мақсаты – бәсекеге қабілетті техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қалыптастыру және көші-қон саясатын жетілдіру.
Құжатта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне, көші-қон және кәсіби біліктілік салаларына бірқатар өзгерістер енгізу көзделген.
Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) саласында:
- кәсіби біліктілік сертификаттарын еңбек шартын жасау кезінде тану;
- Білім министрлігіне ТжКБ ұйымдары үшін міндетті модульдерді әзірлеу және бекіту өкілеттігін беру;
- жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысуы.
Көші-қон саласында:
- еңбек ресурсы артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару тәртібін айқындау;
- ерікті қоныс аударуды ынталандыру арқылы еңбек мобильділігін арттыру;
- еңбек делдалдығына бақылауды күшейту.
Кәсіби біліктілік бойынша:
- Ұлттық біліктілік жүйесіне жергілікті атқарушы органдарды қосу;
- аккредитация органдарын жұмысшылар өкілдерімен алмастыру.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда бір техникалық университеттің таратылғаны хабарланған болатын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
