Жексенбі, 28 сәуiр, 13:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Білім сайысының жеңімпаздарына университет гранты табысталды

20.12.2023

514 0

Қызылорда облыстық білім басқармасы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, облыстық «Qyzylorda» телеарнасы бірлесіп ұйымдастырған «Зияткер» телевизиялық білім бәйгесінің финалдық кезеңі өтті.

Білім сайысының қорытынды кезеңіне Қызылорда облысының аудандары мен қаласындағы мектеп оқушылары қатысып, бақсынады. Қатысушыларға еліміздің және шетелдердің тарихы, мәдениеті, экономикалық жағдайына қатысты түрлі сұрақтар қойылып, логикалық тапсырмалар берілді.

Сайыстың нәтижесі бойынша І орынды Қазалы ауданы, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінің оқушысы Батырхан Мадияр жеңіп алса, ІІ орын Қызылорда қаласы, С.Лапинаатындағы №261 орта мектебінің оқушысы Әмір Ізбасарға бұйырды. Ал ІІІ орынды Қазалы ауданы, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінің оқушысы Олжабай Мадияр иеленді.

Байқаудың финалдық бәсекесіне облыстық «Дарын» оқу орталығының директоры Баян Бақытжанқызы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова мен облыстық «Qyzylorda» телернасының телеарнасы бас редакторының орынбасары Бекзат Есқали қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

Сондай-ақ, жеңімпаз болып танылған үш үздік қатысушыға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім гранты табысталды.

Шаһизада Иса,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

Медиа орталық маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: