Жұма, 26 сәуiр, 20:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Білім саласындағы қызметкерлер үшін жақсы жаңалық: медициналық тексеру тегін

19.01.2023

664 0


Кеше облыстық мәслихаттың кезектен тыс 24 сессиясы болып өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов, облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыс барысында 2023-2025 жылдарға арналған үшжылдық облыстық бюджетке енгізілетін өзгерістер туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Рахымшаұлының хабарламасы тыңдалды. Сонымен қатар, сессия барысында «Amanat» партиясының фракция мүшеcі, облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Есқалиева: «мәртебелі қызметтің тізгінін ұстап, ұрпақ тәрбиесі жолында аянбай тер төгіп жүрген кәсіптік-техникалық, орта білім беру ұйымдарындағы, интернаттар мен оңалту орталықтарындағы сала қызметкерлерінің медициналық тексеруден тегін өту мәселесін көтеріп, оған қажетті 90 млн-нан астам қаржының бөлінуіне қолдау білдіруді сұрады. Қатысушылар бірауыздан қолдады және де облыстық бюджеттен қажетті қаражат қарастырылатын болды.
Айта кету керек, бұған дейінде Қызылорда облысы педагогтарының мәртебесін көтеріп, әлеуметтік мәселелерін шешу жолында балабақша қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатындағы жұмыс нәтижелі болған еді. Яғни, балабақша қызметкерлері 2022-2023 оқу жылында медициналық тексеруден тегін өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: