Жұма, 29 мамыр, 19:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Білімді ұрпақ – ел болашағы

29.05.2026

60 0

Фото: ашық дереккөзден

Білім – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтың бірі. Адам баласы білім арқылы дамып, қоршаған ортаны танып, өмірде өз орның табады. Қазіргі заманда білімді адам ғана қоғамда табысқа жетіп, елдің дамуына үлес қоса алады.  Сондықтан білім алу әр адамның басты міндеті.

Ежелден халқымыз «Білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаған. Расында да, білімді адам кез    келген қиындықты ақылмен шешіп, дұрыс жол таңдай алады. Сонымен қатар білім адамның ой-өрісін кеңейтіп, мәдениетін қалыптастырады. Кітап оқыған, ізденген адам әрдайым алға ұмтылады.

Қазіргі таңда ғылым мен технология өте жылдам дамып келеді. Жаңа мамандықтар пайда болып, заман талабына сай өзгеріс көбейіп жатыр. Осындай кезеңде білімсіз өмір сүру қиын.  Компьютерді меңгеру, шет тілдерін білу, түрлі жаңа бағдарламалармен жұмыс жасау – маңызды. Сондықтан жастар сапалы білім алуға ерекше көңіл бөлуі керек.

Білім тек мектеп пен университетте ғана берілмейді. Адам өмір бойы ізденіп, жаңалықтан хабардар болу керек. Көптеген табысты адамдар өз жетістіктеріне үздіксіз еңбек пен білімнің арқасында жеткен. Егер адам өз мақсатына жетуді қаласа,  ерінбей оқып, еңбектенуі тиіс.

Сонымен қатар білімді ұрпақ – мемлекеттің болашағы. Елдің дамуы, экономикасының өсуі, ғылым мен мәдениеттің өркендеуі білімді жастарға байланысты. Мектептер салынып, жаңа технологиялар енгізіліп, жастарға түрлі мүмкіндіктер жасалуда.

Ең алдымен, білім адамға дұрыс тәрбие мен саналы ой береді.  Білімді адам жақсы мен жаманды ажырата алады, өз ойын еркін жеткізеді және өмірде дұрыс шешім қабылдайды. Білім адамның рухани  дамуына ықпал етеді. Кітап оқу, ғылым үйрену арқылы адам мәдениетті, парасатты тұлға болып қалыптасады.

Білімнің тағы бір маңызы    ол адамға мамандық таңдауға және еңбек етуге мүмкіндік береді. Әрбір дәрігер, мұғалім, инженер немесе ғалым өз ісінің маманы болу үшін білім алады. Жақсы білім алған адам қоғамға пайдасын тигізіп, елдің дамуына үлес қосады. Сондықтан білім тек жеке адам үшін ғана емес, бүкіл мемлекет үшін маңызды.

Білім адамды адамгершілікке тәрбиелейді. Нағыз білімді адам тек өз пайдасын ғана ойламайды, ол айналасындағы адамдарға көмектесуге тырысады. Адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік сияқты жақсы қасиеттер біліммен бірге қалыптасады. Білімді адам өз елін, жерін құрметтеп, қоғамның дамуына үлес қосады.Ең маңыздысы, білімді адам ешқашан адаспайды, әрдайым өз жолын табады. Сол себепті, әр адам білім алуға ұмтылып, өз болашағы үшін аянбай еңбек етуі керек. Білімді ұрпақ қана жарқын болашақтың кепілі . Ол адамға күш береді, болашағына жол ашады және биік мақсатқа жетелейді. Сондықтан әрбір адам талпынып, үнемі ізденіп, өз білімін жетілдіруі керек. Білімді ұрпақ – елдің ең үлкен байлығы және жарқын болашағы. Білім ешқашан таусылмайтын байлық, ол адамды әрқашан биікке жетелейді. 

Әдемі Серікбай,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

1 курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: